×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Қарағанды оқушыларына қоқан-лоқы: арнайы комиссия құрылды

11.09.2023, 13:54
видеодан кадр

Қарағандыда №5 қалалық мектепте жағдайды зерттеу үшін арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мұғалім Игорь Жарликовтың мектепте бір жыл бойы оқытылмаған пән үшін әлдебіреудің жалақы алғаны туралы мәлімдемесінен кейін әлеуметтік желіде тағы бір видео тарады.

Кадрлардан мұғалімнің оқушыларды қорқытып, айқайлап жатқанын көруге болады. Ол қызметкерлер мен мектеп әкімшілігіне қатысты ешқандай шағым жазбауды талап етеді. Ол талапқа мойынсұнбағандардың барлығына айыппұл салынатынын ескертеді.

Қалалық білім бөлімі осы жайтқа қатысты комиссия құрылғанын хабарлады.

"№5 мектептегі жанжалды жағдай арнайы құрылған комиссия жұмысы аясында зерттелуде. Сонымен қатар, сынып жетекшісінің іс-әрекеттеріне баға беріледі", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Қарағанды облысының тарих пәнінің мұғалімі Игорь Жарликов №5 мектептің 11-сынып оқушыларына жыл бойы "Патриотизм және жаһандық құзыреттілік" пәні өтілмегеніне алаңдаушылық білдірді.

Қарағанды облысының білім басқармасы аталған айыптауларды прокуратура органдары мұқият зерделеп, тексеретінін мәлімдеді.

Сондай-ақ, мектеп әкімшілігі аталған мәліметтер расталмаған жағдайда, білім беру мекемесі өзінің іскерлік беделін қорғау үшін сот органдарына жүгіну құқығын сақтап қалатынын атап өтті. Сонымен қатар бейнеөтініш жазылғаннан кейінгі күндерде оқытушының сабаққа қатыспауы еңбек заңнамасын бұзу ретінде қарастырылады.

Серіктес жаңалықтары