×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Талғарлық оқушының суицидке оқталуы: жауапты министрлік не дейді

12.09.2023, 12:02
Фото: instagram.com/kris_p_talgar

Алматы облысында 10 жастағы оқушының суицид жасауға оқталуына байланысты арнайы жұмыс тобы құрылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің балалар құқығын қорғау комитеті мәлім етті.

«Осы жағдайға байланысты арнайы жұмыс тобы құрылды. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында Оқу-ағарту министрлігінің, Алматы облысы білім басқармасының басшылығының өкілдері бала оқитын мектепке жедел тәртіппен барды», - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында 4-сынып оқушысы өзі қатарлас балалардың буллинг фактілерінен кейін өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы ақпарат  тарады. Ата-аналардың сөзінше, оқушы мектепте өзге балалардан қорлық көріп, таяқ жеген соң осындай қадамға барған.

Аталған жағдай бойынша аудандық ПБ  қылмыстық іс қозғалды.

«11 қыркүйек күні Талғар аудандық ПБ 1992 жылы туған азаматша арызбен жүгінді. Оның 2013 жылы туған баласы шамадан тыс мөлшерде дәрі ішіп  уланған. ҚР ҚК 105 бабының 3 тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Анықтау барысында бала үйінде оншақты  ацетилсалицил кислотасын ішкен»,- деді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары