×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Kaspi bank-ті басып алу ісі: Мұрадовқа сот үкімі шықты

18.09.2023, 11:44
Коллаж: Ulysmedia.kz

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жазда Kaspi банкінің бөлімшесін басып алып, қызметкерлерін кепілге алған 30 жастағы Әлихан Мұрадовқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мұрадов 7,5 жылға сотталды. Ол ҚР ҚК-нің 261-бабы бойынша кінәлі деп танылды.

Еске салайық, 18 маусымда Әлихан Мұрадов «Керуен» сауда орталығы маңындағы Kaspi Bank филиалына басып кіріп, мекеме ішіндегі адамдарды кепілге алды.

Оқиға орнына полиция мен арнайы жасақ дереу жетіп, жақын маңдағы үйлердің барлық тұрғындары эвакуацияланды. Басқыншы кепілге алынған адамдарды өлтіруге ниетті екенін мәлімдеді.

Көп ұзамай Мұрадов ұсталып, кепілге алынғандар босатылды.

Бұдан бұрын экс-министр Ахметжанов басқыншының қалай ұсталғанын егжей-тегжейлі айтып берген еді.

Тергеу мәліметтері бойынша, сотталушының өтелмеген несиелері болған, ал қылмыс жасалған кезде ол есірткіге мас болған.

Бұған дейін айыпталушы ІІМ басшысымен келіссөз жайлы тілшілер сауалына жауап берген.

Ал өткен аптадағы сот отырысы барысында куәгерлер сотталушы банкті басып алған күні не болғанын айтып берген.

Серіктес жаңалықтары