Үкімет 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандық өндірушілердің дайын тауар айналымы $39,4 млрд құрағанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22%-ға жоғары.
“Оның үштен бірін жалпы құны $12,1 млрд отандық шикізаттық емес тауарлардың экспорты құрады. Экспорттық жеткізілімдердің ең көп көлемі Ресейге, Қытайға, Өзбекстанға, Түркияға, алыс шет елдерден – Нидерланды, Ұлыбритания, Жапонияға жөнелтіледі”, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, биылғы жылдың алты айында қазақстандық дайын өнімді импорттаушы елдердің географиясы 114-тен 125-ке дейін кеңейді.
“Отандық тауар өндірушілердің сыртқы нарықтарға шығуын қамтамасыз ету үшін ҚР Сауда және интеграция министрлігі экспорттаушыларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуде. Биыл бағдарламаға қатысу үшін тамақ, химия, тоқыма және қызмет көрсету салаларын экспорттайтын 111 кәсіпорын таңдалды. Қолдау құралы ретінде экспорттаушы компанияларға сауда-экономикалық миссияларға қатысу мүмкіндіктері ұйымдастырылады”, – деп мәлім етті Үкіметтің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұдан бұрын Еурокомиссия Қазақстан және Түркия тасымалдаушыларының 22 тамызда 2021 жылы енгізілген демпингке қарсы баждарды және 2022 жылы белгіленген ресейлік компанияларға қатысты санкцияларды айналып өту ықтималдығына қатысты тергеу бастағанын мәлімдеген.
Сондай-ақ, жуырда Швеция Ресеймен көршілер елдер санкцияларды айналып өтуге көмектеседі деп күдіктенетіні хабарланған.
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров біздің еліміздің де санкцияға іліну мүмкіндігі жайлы сұраққа жауап берген.