×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

"Заң жүзінде қарастырамыз": министр Думан Мұхамедкәрімді Алматы абақтысына ауыстыру жайлы

20.09.2023, 14:55
Коллаж: Ulysmedia.kz

ІІМ басшысы Ержан Сәденов қамауда отырған журналист Думан Мұхамедкәрімнің ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Порталымыздың тілшісі министрден журналистің туыстарының оны Талдықорғаннан Алматыдағы тергеу изоляторына ауыстыру туралы өтініші жайлы сұрақ қойды.

“Қазір тергеу жүріп жатыр. Егер туыстары өтініш білдірген болса, Алматыға ауыстыру мәселесін заң жүзінде қарастырамыз”, – деді Сәденов.

Министр тергеу жүріп жатқандықтан іске қатысты артық ақпарат бере алмайтынын мәлімдеді. Десе де, тергеушілер журналиске екі-ақ мәрте барды деген мәліметтің шындыққа жанаспайтынын айтты.

Бұдан бұрын Думан Мұхамедкәрім Алматыдағы абақтыға ауыстыру туралы талабы орындалмаса, саусағын шауып, аштық жариялайтынын мәлімдеген.

Еске салайық, Думан Мұхамедкәрім 20 наурызда Facebook желісінде жазба жариялап, 21 наурыз күні түстен кейін алаңға шығатынын мәлімдеп, өзгелерді де оған қосылуға шақырғаны үшін қамауға алынды. Қамауда отырғанда журналист аштық жариялады.

15 сәуірде ол қамаудан босатылып, халықты тағы да митингке шақыратынын мәлімдеді.

2 мамырда тағы 25 тәулікке қамауға алынды.

Бұдан бұрын адвокат Ғалым Нұрпейісов Әблязовпен сұхбаты үшін журналист жауапқа тартылуы мүмкін екенін айтқан.

26 мамырда босап шыққан Думан Мұхамедкәрім 28 мамырда қайта қамауға алынды

2 маусымда журналистің тергеу изоляторында тағы да аштық жариялағаны белгілі болды.

Көп ұзамай оның әкесі әкесі Алмаз Тілепов те ас-судан бас тартатынын мәлімдеді. Іле аудандық прокуратурасына барған Думан Мұхамедкәрімнің ата-анасы ұлдарының заңсыз ұсталып отырғанын, денсаулығы нашарлағанын айтып, оны босатуды талап етті.

Жуырда Думан Мұхамедкәрімнен "Террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік" (Қылмыстық кодекстің 258-бабы) бабы бойынша қылмыстық істе куәгер ретінде жауап алынып жатқаны хабарланған. Оның үйінде тінту жүргізілді. Кейінірек журналистің жағдайы күрт нашарлағаны хабарланған еді.

Думан Мұхамедкәрімнің Ulysmedia.kz порталына берген сұхбатын мына сілтемеден көруге болады.

Серіктес жаңалықтары