×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Елестеткім де келмейді – депутат Адамбеков цифрландыру министрлігін басқаруға дайындығы жайлы

20.09.2023, 17:19
Елестеткім де келмейді – депутат Адамбеков цифрландыру министрлігін басқаруға дайындығы жайлы
Коллаж: Ulysmedia.kz

Мәжіліс депутаты Тілектес Адамбеков "Цифрлық даму министрлігін басқаруға дайынсыз ба?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тілектес Адамбеков қазіргі министр Бағдат Мусиннің жұмысын жиі сынға алады. Дей тұрғанмен, мәжілісмен оның орнын басуға дайын емес.

"Мен тіпті мұны елестеткім келмейді. Министр Мусиннің өз қызметіне өз жауап берсін. Бұл дұрыс болмайды. Депутат ретінде мен өз жұмысымды жалғастырамын", – деді ол.

Мәжілісмен өзінің дағдылары мен таланттарын бағалауға дайын емес екенін, оған халық баға беруі қажеттігін айтты.

"Маған жұмысым ұнайды, мен оны жақсы білемін. Цифрландыру мәселелерін көтеріп жүрмін", - деп қосты ол.

Депутат Мусиннің министр ретіндегі жұмысын да бағалаудан бас тартты.

Елімізде интернет сапасына қатысты сын көп. Шалғай ауылдарды айтпағанда Астананың өзінде интернет жылдамдығы көңіл көншітпейді дейді жергілікті тұрғындар. Ал шілдеде министр Мусин интернет жылдамдығы жағынан Астана Токионы басып озғанын мәлімдеген.

«Сіздер де Speedtest халықаралық рейтингіне сүйенсеңіздерші. Егер осы халықаралық рейтинг Астананың 35 позицияға көтерілгенін жазса, демек, біз 35 қаланы озып кеттік. Тіпті Токионы басып оздық. Сол рейтингті жасаған мен емес қой!?» - деген еді ведомство басшысы.

Жуырда Мусиннің отставкаға кетуін талап еткен петицияға қол қоя бастады.

"Көптеген қазақстандықтар Бағдат Мусиннің отставкаға кетуі туралы петицияны қолдайды деп санаймын, өйткені ол интернет-қызметтердің бағасын ұстап тұра алмайды, керісінше оларды көтеріп жатыр", – деді петиция авторы.