×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Алматыда журналист Әйгерім Тілеужанның сотында болған белсенділерді полиция алып кеткен

22.09.2023, 14:50
видеодан кадр

Қазіргі уақытқа дейін үш белсенді Алматының Алатау, Түрксіб, Әуезов аудандық полиция бөліміне жеткізілгені жөнінде ақпарат бар, деп жазады Ulysmedia.kz.

Еске сала кетейік, 19 қыркүйекте Алматыда «Әуежайды басып алу» ісі бойынша апелляциялық сот басталған еді. Сот ғимаратының алдында сол кезде біршама адам жиналған. Адвокаттар, белсенділер, журналистер, құқық қорғаушылар кіргізілмей, сот ғимаратының есік алдында топтасқан еді. Сол кезде әкімдік өкілі келіп, келгендердің ісі «заңсыз» екенін ескертіп, тарауды сұраған.

Енді бүгін сол жерде болғандардың ұсталып жатқаны туралы әлеуметтік желіде ақпарат тарады. Абзал Достияров Әуезов аудандық полиция бөліміне кіріп бара жатып, видео арқылы қысқаша сөйлеп үлгерді. Парақшасында жарияланған видеода Достияров өзінің үстінен Әкімшілік кодекстің 488 бабы (бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу) бойынша іс қозғалғанын айтады.

«Мен 19 қыркүйекте еш ұрандаған жоқпын, плакат ұстаған жоқпын. Өзімнің youtube арнама ақпарат тарату үшін мән-жайды қаз-қалпында жарияладым. 488 бап бойынша іс қозғап жатыр екен. Қазір көреміз», - дейді полиция бөліміне кіріп бара жатып Абзал Достияров.

Достияров полиция бөліміне адвокаты Жанар Балғабаевамен, екі баласымен бірге барған.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қарағанда, белсенді Майра Ғабдуллинаны Алатау аудандық, Марат Тұрымбетовты Түрксіб аудандық полиция бөліміне жеткізген.

Серіктес жаңалықтары