×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Террористік ұйымдарды насихаттады деген күдікпен БҚО тұрғыны тергеліп жатыр

27.09.2023, 16:33
көрнекі фото

Әлеуметтік желілерде халықаралық террористік ұйымдардың үгіт-насихат материалдарын таратты деп күдікпен Батыс Қазақстан облысының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҰҚК мәліметінше, күдікті бұрын террористік әрекеті үшін сотталған болатын.

“Тергеу іс-қимылдары барысында оның тұрғылықты жері бойынша діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Аталған адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды”, – делінген комитет хабарламасында.

Айта кетейік, бұдан бұрын терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздырған және лаңкестік топтың әрекетіне қатысқан Ұлытау облысының тұрғынына үкім шыққан.

Серіктес жаңалықтары