×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Құтқарушылар министрге ақша жинаған: ТЖМ экс-қызметкерінің айыптауына жауап берді

02.10.2023, 10:59
Коллаж: Ulysmedia.kz

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Зуялхан Гасановтың Түркістан облысының құтқарушыларынан төтенше жағдайлар министріне ақша жинау туралы мәлімдемесінің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомсвтоның мәлімдеуінше, бұл – бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы кезекті арандатушылықты іске асыру.

«Бұған дейін Гасанов Зуялхан (2022 жылы) жала жапқаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартылған болатын. Айта кету керек, бұл азамат қазіргі уақытта азаматтық қорғау органдарының қызметкері емес, өйткені биылғы мамырда теріс себептермен жұмыстан шығарылды.

Ол бірнеше рет осындай мәселелер бойынша ТЖМ-ге жүгінді, бірақ тексеру нәтижелері бойынша ол көрсеткен дәлелдер расталмады.

Осыған қарамастан, өтініште айтылған әрбір факті бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп қызметтік тергеу жүргізілетін болады»,-делінген хабарламада.

ТЖМ өз қатарында сыбайлас жемқорлықты жою бойынша барлық қажетті шараларды жүзеге асыратынын және анықталған әрбір факт бойынша шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді.

Айта кетейік, Антикор мәліметінше, төтенше жағдай министрлігінде жемқорлықтың 70%-ын бөлімше басшылары жасаған.Соңғы 5 жылда азаматтық қорғау органдарында 150-ге жуық сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелген. Олардың басым бөлігі Алматы, Астана, Шымкент қалаларына, сондай-ақ Қостанай және Алматы облыстарына тиесілі.

Жуырда Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бастығына үкім шықты.

Сондай-ақ, бұдан бұрын ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов және Шымкент қаласы мен Жетісу облысы бойынша ТЖД бастықтары ұсталғаны хабарланған. 

Олар өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алып, тексерілетін ұйымдарды келісімшарттар жасау арқылы олардың қызметтерін сатып алуға және уақтылы ақы төлеуге мәжбүрлеген деген күдікке ілінді.

Серіктес жаңалықтары