×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Әйгерім Тілеужанға жедел жәрдем шақырылды: әуежайды басып алу ісі бойынша апелляция шегерілді

03.10.2023, 15:26
ulysmedia.kz

Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде халықаралық әуежайды басып алу ісі бойынша апелляциялық шағымды қарау жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Айта кету керек, процесс онлайн режимінде өтіп жатыр. Бүгін отырысқа сотталушы Әйгерім Тілеужанова қатысқан жоқ.

Тергеу изоляторы оған конъюнктивитке байланысты жедел жәрдем бригадасы шақырылғанын хабарлады.

Қорғаушы тарап отырысты ауыстыруды сұрады. Сондай-ақ, адвокаттар осы уақытқа дейін Тілеужанның жағдайы туралы білмегендерін атап өтті.

Нәтижесінде сот отырысты 6 қазанға шегеру туралы шешім қабылдады.

Еске сала кетейік, аталған іс бойынша сот айыпталушыларды кінәлі деп танып, журналист Әйгерім Тілеужанды 4 жылға бас бостандығынан айырған еді. Қалас Нұрпейісов пен Нұрлан Дәлібаев 8 жылға сотталды. Сот үкімімен Ермұхамет Шілібаев пен Жанайдар Кәрменов те 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Адвокаттар белсенділерді, соның ішінде Әйгерім Тілеужан кінәлі деп тауып, бірнеше жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған бірінші сатыдағы соттың үкіміне апелляциялық шағым түсірді.

Апелляциялық соттың алдыңғы отырысында судьяның әрекеті тек әлеуметтік желілерде ғана емес, адвокаттар қауымдастығында да дау тудырған-ды. Құқық қорғаушы Бақтияр Ғалымжанов кәсіби қоғамдастық бұл фактіге бей-жай қарамайтынын және адвокат әріптестерінің қадір-қасиетін қорғау үшін Конституциялық сот пен БҰҰ-ға жүгінетінін айтты.

Серіктес жаңалықтары