×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Іле-Алатау ұлттық паркінде орманшының соққыға жығылуы: тергеу басталды

03.10.2023, 17:36
Коллаж: Ulysmedia.kz

Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінің әкімшілігі орманшы Дамир Қуатбековтің соққыға жығылуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Аққайың" шатқалында  белгісіз біреулер  30 жастағы инспектор Дамир Қуатбековке шабуыл жасаған.

Ұрып-соғу кезінде орманшы есінен танып қалған. Есін жиған кезде жақын маңдағы ауылға барып, ауруханаға жеткізілген.

"Сағат 20:30-да ауруханаға Медеу аудандық полиция басқармасының тергеу бөлімінің тергеушісі келді. Тергеуші  инспектордан арыз қабылдап, оны қылмыстық кодекстің 293 (Бұзақылық) және 380-1 (құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымның инспекторының, қорықшының өміріне қол сұғушылық) баптары бойынша СДТБТ-ға тіркеді", - деп хабарлады әкімшіліктен.

Тергеу жүргізілуде.

Бұдан бұрын оқиғаның 29 қыркүйекте болғаны хабарланған еді

"Менің інім аумақты кешкі тексеруден дейін жаяу келе жатқан. Сол кезде қара түсті көліктің шлагбаумды бұзып жатқанын көреді. Інім оларға жақындап, мән-жайды сұрайды. Оның үстінде ұлттық парктің логотипі бар арнайы киім болды. Қолында инспектордың куәлігі болған. Көліктегі төрт адамның бірі оған жақындап,  төбелесе бастаған. Кейіннен ағаш тоқпақпен соққыға жыққан", - деп жазады орманшының әпкесі.

Серіктес жаңалықтары