×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Куәгер болдым: "Азаматтарға арналған үкімет" басшысы тергелуі және тінтілуі жайлы

04.10.2023, 11:07
Коллаж: Ulysmedia.kz

"Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ басшысы Сүйеніш Әбділдин осы жылдың наурыз айында өткен Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізген тексеріске қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сол тексерістен кейін цифрлық даму министрі Бағдат Мусин "Азаматтарға арналған үкімет" басшысы қызметінде қалатынын мәлімдеген.

Министр корпорация басшысын  білікті ұйымдастырушы, өз ісін жетік білетін басшы ретінде сипаттады.

"Ол өте іскер, білімді азамат, өзім тағайындағанмын", - деді министр.

Алайда Әбділдиннің бұған дейін өзі тергеуге қатысты ешқандай түсініктеме бермеген еді. Бүгін БАҚ өкілдерінің сұрағынан жалтара алмады.

"Біз штаттық режимде жұмыс істейміз. Барлық сұрақтар бойынша Қаржылық мониторинг агенттігіне хабарласқан дұрыс. Менде толыққанды ақпарат жоқ. Мен куәгер ретінде жауап бердім", - деді ол мәжіліс кулуарында.

"Тергеу іс-шараларының аяқталуы туралы ақпарат болды ма” деген сұраққа мемлекеттік корпорация басшысы агенттік оларды құлақтандырмағанын мәлімдеді. Ол сондай-ақ корпорация қызметкерлерінің ешқайсысы ұсталмағанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 10 наурызда ҚМА қызметкерлері Әбділдиннің,оның орынбасарлары мен аппарат басшысының кабинеттерінде тінту жүргізді. Олардан жұмыс компьютерлері тәркіленді. ҚК-нің 189-бабының 2-бөлігі бойынша іс қозғалғаны хабарланды.

Серіктес жаңалықтары