×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Петропавлда туберкулезбен ауыратын адам балабақшада жұмыс істеп келген

06.10.2023, 16:11
көрнекі фото

Петропавл қаласындағы "Балдәурен" балабақшасының қызметкерінен туберкулез анықталды. Бұл туралы облыстық білім басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алдын-ала мәлімет бойынша, бұл жағдай жыл сайынғы профилактикалық тексеріс аясында анықталған.

Ведомство қызметтік тексеру жүргізу үшін жұмыс комиссия құрылғанын, оның құрамына денсаулық сақтау және білім беру саласының қызметкерлері енгенін мәлім етті.

"Қазіргі уақытта бұл қызметкер уақытша еңбекке жарамсыздық парағы негізінде жұмыстан шеттетілді", – делінген хабарламада.

Облыстық білім басқармасы дүйсенбіден бастап барлық қызметкерді (техникалық қызметкерлерді де, педагогикалық қызметкерлерді де) тексере бастайтынын және қызметкермен қарым-қатынаста болған балаларға Манту сынағы берілетінін атап өтті.

"Қызметтік тексеру нәтижелері бойынша қосымша ақпарат беріледі, мәселе білім басқармасының бақылауында", – деп хабарлады ведомство.

Серіктес жаңалықтары