×
448.56
478.03
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.56
478.03
4.79

Қазақстандық чемпион Ұлыбританияда қырыққабат теріп жан бағып жүр

09.10.2023, 17:12
көрнекі фото

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев еліміздегі жұмыссыз жастар статистикасында бұрмалаушылық көп екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжілісмен Қазақстан халқының небары 4,9%-ы жұмыссыз деген дерек жариялаған Ұлттық статистика бюросына шүйлікті. Депутаттың мәліметінше, елімізде NEET санатындағы жастар саны – 422 000. Сонымен қатар, 400 000-нан астам өреніміз өзін-өзі жұмыспен қамтыса, жұмыссыз жастар саны 80 000-ды құрап отыр. Яғни, бас-аяғы 900 мыңнан астам жас азамат тұрақты жұмыспен қамтылмай отыр деген сөз.

«Құзырлы органдар статистиканы үшке бөліп, жұмыссыз жастардың нақты санын жасырып қалып жатыр. Бұған қоса, өз елінде екі қолға бір күрек таппай, шет ел асып, жұмыс іздеп кетіп жатқан жастар мәселесі тағы бар. Ресми статистикаға сәйкес, былтыр Оңтүстік Кореяға 9 600 жас азамат жұмыс іздеп барды дегенімізбен, анығында аталған елдегі жастарымыздың саны 20 000-нан асып жығылды. АҚШ-та, Еуропада мыңдаған жас азаматымыз жұмыс істеп жүр. Бір ғана мысал, Street Workout-тан жеті дүркін әлем чемпионы, ақтаулық Ильдар Ягьяев Ұлыбританияда қырыққабат, брокколи теріп, жан бағуға мәжбүр. Бұл – біз үшін ауыр сын. Жастар шетелге кетіп жатса, оны басы артық статистикамен бүркемелемей, мәселені шешу жолын табу керек», – деді Нартай Сәрсенғалиев.

Айта кетейік, ресми статистика бойынша елімізде жұмыссыздар саны 452,6 мың адам екені хабарланған.

Қазақстанда шілдеде жұмыс іздеушілер саны маусым айымен салыстырғанда 38,8 мыңға (+71%) өскен. Сондай-ақ, шілде айында 53,8 мың қазақстандық жұмысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алған. Бұл бір ай бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,1%-ға артық, ал бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 96,4%-ға көп.

Ұлттық банк жариялаған деректерге сүйенсек, қазақстандықтардың 90%-ының жан басына шаққандағы табысы 151 мың теңгеден аспайды.

Сондай-ақ, бұдан бұрын елімізде 355 мыңнан астам бала кедейлік шегінде өмір сүріп жатқаны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары