×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Сән-салтанат салығы: қазақстандық байлар қандай мүліктері үшін еселеп алым төлейді

10.10.2023, 13:02
Сән-салтанат салығы: қазақстандық байлар қандай мүліктері үшін еселеп алым төлейді
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев сән-салтанат салығын енгізу мәселесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министр бұл мәселемен Ұлттық экономика министрлігінің жанында экономикалық зерттеулер институты айналысып жатқанын айтты. Сән-салтанат салығын енгізуді талқылау үшін мемлекеттік органдардың, бизнестің, «Атамекен» ҰКП өкілдері мен депутаттар және басқа да сарапшылар шақырылатынын жеткізді.

«Байлық – жаман мотивация емес. Әр адам, әр кәсіпкер бірінші кезекте жағдайын жақсартуға көңіл бөледі және соған күш салады», - деді ол үкімет кулуарында.

Жамаубаев сән-салтанат салығы кез келген байлыққа салынбайтынын түсіндірді.

«Роскошь» термині қазақша аударғанда «сән-салтанат» болады. Біз соны анықтап алуымыз керек. Бұған дейін Ұлттық экономика министрі де, вице-министр де «салықты асыра байлыққа қарастырамыз. Құны өте қымбат ұшақтар, яхталар және тағы басқа асыл заттарға қарастырылады» деген болатын. Олардың тізілімі болады. Тек соларға жоғары салық салынады», - деді министр.

Еске салайық, UBS қаржы холдингі ұсынған әлемдік әл-ауқат туралы есепте Қазақстанда 57,965 долларлық миллионер бары атап көрсетілген.

Жуырда Дүниежүзілік банк Қазақстанға байлыққа немесе мұраға салынатын салықты енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Бұдан бұрын Ұлттық экономика министрі жаңа Салық кодексінің жобасы бойынша сән-салтанат салығын кімдер төлейтінін түсіндірген.

Сондай-ақ, қазақстандықтардың меншігіндегі яхталар туралы мәлімет берілген.