×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Қазақстан байлық салығын енгізгені жөн – Дүниежүзілік банк

29.09.2023, 10:48
Коллаж: Ulysmedia.kz

Дүниежүзілік банк Қазақстанға байлыққа немесе мұраға салынатын салықты енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Хабарламада мұндай реформалар түсімдердің өсуіне және әділеттіліктің жақсаруына бағытталған делінген.

Сарапшылар жеке табыс салығын реформалау базалық шегерімді ұлғайтуға, ағымдағы төмен бірыңғай мөлшерлемені ауыстыру үшін прогрессивті салық құрылымын енгізуге және капитал кірісіне салық салу режимін жақсартуға бағытталуы керек деп есептейді.

«Басқа елдермен салыстырғанда, Қазақстандағы салық режимі аса прогрессивті емес. Ол әсіресе жеке табыс салығы жүйесінен байқалады. Қазіргі өте төмен ЖТБ-ны өлшем-бөлшекті прогрессивті құрылымға айналдыруға болады», – делінген баяндамада.

Еске салайық, UBS қаржы холдингі ұсынған әлемдік әл-ауқат туралы есепте Қазақстанда 57,965 долларлық миллионер бары атап көрсетілген.

Бұдан бұрын Ұлттық экономика министрі жаңа Салық кодексінің жобасы бойынша сән-салтанат салығын кімдер төлейтінін түсіндірген.

Сондай-ақ, қазақстандықтардың меншігінде яхталар туралы мәлімет берілген.

Серіктес жаңалықтары