×
449.88
486.64
4.83
#2023жылқорытынды #қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.88
486.64
4.83

Ботқадан шыққан құрт: Павлодарда мектеп директоры сөгіспен құтылды

12.10.2023, 18:13
әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желіде Павлодардағы мектептің асханасында балаларға берілген ботқадан құрт шыққаны жайлы ақпарат қызу талқыланып жатыр. Тағам ішіндегі жәндіктің фотосы таратқан желі қолданушылары оқушылардың денсаулығына немқұрайлы қарағандарды қатаң жазалауды талап етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алайда Pavlodarnews.kz-тің жазуынша, М.Әуезов атындағы орта мектептің директоры сөгіспен құтылған.

– Мұндай шара мектептегі тамақтану мәселесін дұрыс бақыламағаны үшін қабылданды. Асхананы жалға алушымен келісімшарт бұзылмады, – деді Павлодар қаласының білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралин.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ботқаның ішінде құртты тапқан оқушының анасы шағым жазудан бас тартқанын хабарлады. Ал департамент өтінішсіз өздігінен тексеріс жүргізе алмайды. Департаментке мектеп директорының атынан жеке кәсіпкерге өтініш келіп түсті. Ары қарай бұл өтініш облыстық ҚР Бас прокуратурасының ҚСжАЕК органдарында тіркелгеннен кейін тексеріс жүргізілетін болады.  

Айта кетейік, жуырда Алматы облысы Қарасай ауданындағы ауыл мектептерінің бірінде бастауыш сынып оқушыларына  жарамдылық мерзімі 2 жыл бұрын өтіп кеткен йогурт берілгені анықталды. Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сүйенсек, балаларға тегін ыстық тамақтан бөлек, 2021 жылы жарамдылық мерзімі өтіп кеткен "Растишка" йогурты берілген.

Мектеп басшылығы өнім жеткізушіні өзгерту және келісімшартты бұзу туралы шешім қабылданғанын, іс сотқа жіберілетінін хабарлады. Жеткізушінің өзі көтерме базардан өнім алған кезде жарамдылығы өтіп кеткен өнімдерді байқамай қалғанын айтып ақталды.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, осы дерекке қатысты ҚР ҚК 306-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқу-ағарту министрлігі осы оқиғадан кейін ел мектептерінің асханалары жаппай тексерілгенін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары