×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Биыл 16,4 мың қандас елге оралды: олар қай мемлекеттерден келді

13.10.2023, 18:01
фото: ашық дереккөзден

Жыл басынан бері 16 408 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 123,5 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысы (53,7%) Өзбекстаннан, 19,3% – Қытайдан, 10,9% – Моңғолиядан , 7,7% – Ресейден, 6,3% – Түрікменстаннан және 2,1% басқа елдерден.

«Осы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 61,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 30,3%-ды және зейнеткерлер 8,5%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 15,5%-ы жоғары білімді, 34,4%-ы орта кәсіби білімді, 41,5%-ы жалпы орта білімді, және 8,6% білім жоқ», - дейді ведомстводағылар.

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.

Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Қоныстандыру өңірлерінде 2023 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 1 925 адамды құрайды. 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 1 870 қандас қоныс аударды.

Айта кетейік, 2023 жылдың шілдесінен бастап шетелдегі этникалық қазақтарға «Ата жолы» картасы беріле бастады. Карта иегерлері елге кірген кезде 10 жыл мерзімге тұруға рұқсат алады. «Ата жолы» картасы бар этникалық қазақтың қандастардан айырмашылығы – ол басқа елдің азаматы бола тұра Қазақстан Республикасының азаматтарымен және қандастарымен тең құқыққа ие.

Серіктес жаңалықтары