×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Командалық ауыс-түйіс дей алмаймын – Нұржігітіов орынбасарының тағайындалуы жайлы

13.10.2023, 16:32
Коллаж: Ulysmedia.kz

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов өзінің орынбасары Ерболат Ыбырайханов және Жамбыл облысының тұрғындарының сынына қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министр қызметіне кіріскеннен кейін Нұржігітов өзінің орынбасары етіп Жамбыл облысының әкімдігінде орынбасары болған Ерболат Ыбырайхановты тағайындады. Желі қолданушылары бұл тағайындауда командалық ауыс-түйіс белгілері бар екенін айтып, жаңа министрді сынға алды.

"Неліктен дәл ол тағайындалды? Біздің министрліктің алдында тарифтік саясат мәселесін шешу міндеті тұр. Тез арада шешім қабылдау керек. Бұл адамның тарифтік саясатта өте үлкен тәжірибесі бар. Жамбыл облысында бірге жұмыс істеген бір жыл ішінде оның кәсібилігі бізге Жамбыл облысында көптеген мәселелерді шешуге көмектесті. Кейбір кәсіпорындарда оның жұмысының арқасында жалақы 50 пайызға өсті. Құрылысқа жетекшілік еткен кезеңде 140-тан астам нысан іске қосыла бастады. Бұл командалық ауыс-түйіс деп айта алмаймын. Бұл оның кәсіби қасиеттерін бағалау", – деді министр.

Жамбылдағы құрғақшылықтан зардап шеккен диқандар туралы сұраққа жауап берген министр аймақта көп шаруа атқарылғанын айтты.

“Әлеуметтік желіде бұл мәселе талқыланып жатыр. Сумен қамтамасыз ету бағытында бұл жыл ауыр болды. Жергілікті әкімдік тарапынан ауқымды жұмыс жасалды. Ол көріне бермейді. Шаруа қожалықтары шеккен шығынды барынша азайттық”, – деді ол.

Еске салайық, Нұржігітов Су ресурстары және ирригация министрі қызметіне 4 қыркүйекте тағайындалды.

Ол 2022 жылдың сәуірінен бері Жамбыл облысының әкімі болды.

Айта кетейік, бұдан бұрын Жамбыл облысында су тапшылығына байланысты шамамен 7,8 мың гектар егін қурап кеткені хабарланған.

Жамбылдық фермерлер көршілерді трансшекаралық өзенде су қоймаларын салды деп айыптап, дабыл қақты. Екіжақты кездесу өткенмен, тамыз айында су тапшылығы мәселесі шешіле қоймады. Қазақстандық фермерлердің наразылығына жауап ретінде қырғыз тарапы: «Қазақстанға су жеткізуде қиын жағдай туындады, қырғыз билігі өз ауылдары үшін суды үнемдеуге мәжбүр болды. Осыған байланысты Қазақстанға су беруді тоқтату туралы шешім қабылданды», - деп жауап берді.

Қуаңшылықтан зардап шеккен шаруаларға өтемақы беру үшін Үкімет резервінен 3,7 млрд теңге бөлінетіні айтылды.

Серіктес жаңалықтары