×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Құжаттарды жедел жасату ақысы арзандайды

16.10.2023, 08:32
фото: ашық дереккөзден

ІІМ жеке куәлікті жеделдетілген тәртіппен алу құнын төмендетеді. Бұл туралы “Ашық НҚА” сайтында жарияланған құжатта жазылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Түзетулер жеке басын куәландыратын құжаттарды жедел дайындау құнын төмендетеді:

Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалалары бойынша:

1 жұмыс күніне дейін – 4 983 теңгеден 3 372,45 теңгеге дейін;

3 жұмыс күніне дейін – 2 752 теңгеден 1 770,88 теңгеге дейін.

облыс орталықтары үшін:

3 жұмыс күніне дейін – 4 983 теңгеден 3 372,45 теңгеге дейін;

5 жұмыс күніне дейін – 2 752 теңгеден 1 770,88 теңгеге дейін.

облыстардың аудандары мен қалалары бойынша:

7 жұмыс күніне дейін – 1116 теңгеден 677,95 теңгеге дейін.

Құжаттың негіздемесіне түзетулер мемлекеттік монополияға қатысты ҚР ІІМ Ақпараттық-өндірістік орталығында РМК сататын қызметтеріне төмендетілген түзетілген бағаларға байланысты енгізіліп жатқаны айтылған.

Жоба 2023 жылдың 30 қазанына дейін талқыланбақ.

Серіктес жаңалықтары