×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Соғысқа қарсы ұстанымына байланысты емес: ІІМ Алматыда якут белсендісінің ұсталуы жайлы

17.10.2023, 10:56
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Алматыда ұсталған якутиялық музыкант, соғысқа қарсы белсенді Айхал Аммосовтың (шын аты – Игорь Иванов) Алматыда қамауға алынуы туралы сұрақтарға жауап берді Ulysmedia.kz.

Министрдің орынбасары әлі тергеліп жатқан қылмыстық іске түсініктеме бере алмайтынын атап өтті.

"Бірақ оның ұсталуы Ресейдің соғысына қарсы ұстанымына байланысты емес. Іс насырға шапқан кезде біздің елге қоныс аударатын азаматтар өте көп. Олардың ешқайсысы жауапқа тартылмайды. Бұл жерде мүлдем басқа жағдай. Мен нақты қылмыстық іс бойынша түсініктеме бере алмаймын. Мән-жайды толық білмеймін. Бұл тергеуге қойылуы тиіс сұрақтар", - деді Лепеха.

Бұған дейін Қазақстанда ресейлік соғысқа қарсы белсенді және музыкант Айхал Аммосов ұсталғаны хабарланған болатын.

Росфинмониторинг Аммосовты экстремистер мен террористер тізіміне енгізген. Осыдан кейін ІІМ музыкантқа іздеу жариялады. Десе де, белсендінің үстінен экстремизм немесе терроризмге қатысты бап бойынша қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарланған жоқ.

Ресейлік белсенді алғаш рет 2022 жылдың тамызында қала орталығында «Yakutian punk against war» ("Якут панкі соғысқа қарсы") баннерін ілу әрекетінен кейін ұсталды. Ол кезде музыкант ұсақ бұзақылық туралы бап бойынша 15 тәулікке қамалды.

3 қыркүйекте Аммосов айыппұл төлеуден жалтару туралы бап бойынша қайтадан қамауға алынды. Полиция музыкантқа қарсы Ресей армиясының "беделін түсірді" деген желеумен қылмыстық іс қозғады. Оның айтуынша, ол үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Кейінірек Ресейдің өтініші бойынша Қазақстанда қамауға алынған якут белсендісіне қарсы терроризмді ақтау туралы іс қозғалғаны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары