×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Бектеновке тосын-сый: Смайыловтың үкіметі бюджеттің жыртығын қалай жамағаны әйгілі болды

13.02.2024, 13:42
Коллаж Ulysmedia

Бір апта бұрын тағайындалған премьер-министр Олжас Бектенов сейсенбіде үкіметтің алғашқы отырысын өткізіп, онда елдің экономикалық бағдарына көңілі толмайтынын білдірді. Қаңтар айындағы төмен өсім, инвестиция тартуда нашар көрсеткіштер, қаржыны қалай болса солай жұмсау және Смайыловтан қалған "тосын сый"... Жаңа премьер неге наразы? Ulysmedia.kz тілшісі анықтап көрді.

7 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы Ерұлан Жамаубаев бастаған қаржы министрлігі бюджеттің кіріс бөлігін 2024 жылғы салықтар есебінен қамтамасыз еткенін мәлімдеді. Кейін ел өмірінде көптеген жаңалықтар орын алып, бұл ақпарат тасада қалып қойды.

Енді, міне, бір аптадан кейін жаңа премьер Олжас Бектенов бұл ақпаратты тағы да еске салды.

Смайылов пен Жамаубаев бюджетті қалай реттеді?

2022 жылдан бері премьер тағына отырған Әлихан Смайыловтың тұсында ұлттық қордан рекордтық сома алынғанын, атап айтсақ, өткен жылы ол 5,3 трлн теңгені құрағанын бәрі біледі. Шенеуніктер елдің қазынасын түсімдермен қамтамасыз ете алмай, әдеттігедей мәселені Ұлттық қордан алынған қаржымен шешті.

Белгілі болғандай, бұл – Смайылов басқарған министрлер кабинеті бюджеттің “жыртығын” жамау үшін қолданған жалғыз шара емес екен.

- Өткен жылы қаржы министрлігі бизнеске 600 млрд теңгеге ҚҚС қайтарған жоқ. Сонымен қатар, бюджеттің шұғыл шығындары 2024 жылғы төлемдермен алдын-ала қаржыландырылды. Бұл – дұрыс емес жоспарлаудың нәтижесі. 2023 жылға арналған кірістер жоспары асыра болжанды, - деді Бектенов министрлер кабинетінің отырысында.

Смайылов Үкіметі 2023 жылғы кірістер жоспарының орындалуын биылғы салықтар есебінен жауып, қарызға алу арқылы реттегісі келгендей.  Ол аздай, кәсіпкерлерді де айналым қаражатынсыз қалдырып отыр.

ҚҚС есебінен мәселе шешілмейді

Жыл енді басталды. Ал салықтардың бір бөлігі қазірдің өзінде "бітті". Жаңа министрлер кабинеті мәселені қалай шешеді?

Бірінші кезекте, премьер Бектенов мұндай тәжірибеге жол берілмейтінін және қайталанбауы керек екенін айтты. Ал Үкімет ҚҚС көтеру арқылы салық төлеушілердің қалтасы есебінен мәселені шеше алмайтынын алға тартты.

- Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қосылған құн салығының мөлшерлемесін көтеруге болмайды. Біз бюджеттің кіріс бөлігін толықтырудың басқа жолдарын іздеуіміз керек, - деді жаңа премьер.

Естеріңізге сала кетейік, ескі үкімет ҚҚС-ты 12%-дан 16%-ға дейін көтеруді жоспарлаған болатын. Бюджетке ұлттық қордан трансферттерді алмастыратын қосымша түсімдер қарастырылғанына сендірді.

Жаңа министрлер кабинетінің әзірге нақты жоспары жоқ. Әуелі жаңадан тағайындалған экономика және қаржы министрлері премьердің тапсырмасы бойынша бюджетке ревизия жүргізіп, өнімсіз шығыстарды қысқартып, салық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі шараларды қолдана отырып кіріс бөлігін сауатты жоспарлауы тиіс.

Серіктес жаңалықтары