×
514.65
544.6
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.65
544.6
5.17

Майнинг және Forbes тізімі: Қазақстанда энергетиканы жаңғыртумен кім айналысады

14.07.2023, 10:47
Майнинг және Forbes тізімі: Қазақстанда энергетиканы жаңғыртумен кім айналысады
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қазақстанда энергетика саласы туралы әңгімелер салмақты бола түсті.Бұған шенділердің тарифтерді көтеру қажеттілігі туралы сөзі себеп болды. Бюджеттің желге ұшқан миллиардтарына бас ауыртпаған азаматтар өз қалтасынан шығатын тиын-тебен үшін терелй бастады. БАҚ себеп-салдардарды, фамилияларды, компанияларды іздеп, энергияға бөлінген бюджеттік ақшаны есептей бастады.

Энергетикаға ақша бөлінбеді деп кім айтты

Энергетика өткен ғасырда салынған инфрақұрылымның арқасында жұмыс істеп тұр деген әңгіменің көптігіне қарамастан, қайта құру және модернизациялау жобалары аз болмағанын айта кеткен жөн. Мысалы, ең "күмәнділердің" бірі – Ақсу қаласындағы қазандық. Оны салу үшін әйгілі  KBI Еnergy компаниясына тапсырыс берілді. 2015 жылы қалаға жаңа қазандық ауадай қажет екені айтылды, сондықтан бюджеттен көп ойланбастан 11 миллиард теңге бөлінді. Нысанның уақтылы салынбағаны былай тұрсын, әлі іске қосылған жоқ. Мердігер жобалау-сметалық құжаттаманы оңдырмаған болып шықты, мерзім өтіп кетті, ал қазандық қаланың ажарын кіргізуге ғана қызмет етіп тұр. Айтпақшы, тапсырыс беруші – "Самұрық Энерго" бір маңызды мәселені назарға алмады – құрылыс аяқталғаннан кейін жылу құны күрт шарықтайтыны белгілі болды, тарифтер көтерілетіндіктен тұрғындар жылудан бас тартуы мүмкін еді. Павлодар облысының экс-әкімі Әбілқайыр Сқақовты бағаның шарықтауы алаңдата қоймады. Ал жаңа әкім Асайын Байханов басқа пікірде.

"Мен көп инвестицияны қажет ететін, бірақ әлі де тұралап тұрған жобаның орындылығын зерттеуді тапсырдым", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Осыған қарамастан, Ақсу қаласындағы жаңа нысан және желге ұшқан 11 млрд теңге KBI Еnergy үшін сабақ болмаған сияқты, компания өзінің ресми сайтында қазандықты жетістіктер қатарына қосып,"аяқталған нысандар" бөліміне орналастырыпты.

Бірақ аяқталмағандар да бар – KBI Еnergy Павлодар облысында ГРЭС 1 және ГРЭС 2 энергоблоктарын жөндеуді аяқтай алмай келеді. Құны арзан емес, бірақ "Самұрық Энерго" мердігерден ақша аямайды. Айта кетерлігі, KBI Energy-дің облыстағы беделі жоғары. Оған "Қазақстан алюминийі" компаниясы өзінің жылу электр орталығындағы қазандық жабдықтарын күрделі жөндеуді сеніп тапсырды.

Осы жылдар ішінде ешкім халықтың қалтасына көз тікпеді деп ойламаңыз. Дәл осы ЖЭО “арқасында” 2020 жылы Павлодарда тарифтер көтерілді. Түсініктеме өте қисынды болды: егер жылу бағасы өзгеріссіз қалса, онда станция бес жылдан кейін тоқтайды. Тариф көтерілді, бірақ қала тұрғындарының үйлері жыли қоймады.

Компанияның сайтында жарияланған аяқталған нысандар тізімі еліміздің энергетика саласын жаңғыртуға аз ақша жұмсамағанын растайды.

Forbes-тағы есім

Kbi Energy иесі Forbes нұсқасы бойынша Қазақстанның ең бай 50 бизнесменінің тізімінде 25-орында және ең ықпалдылардың арасында 37-орында. Оның байлығын журнал 323 000 000 долларға бағалады.

Қайрат Итемгенов – өзінің бизнес бастамалары сияқты жан-жақты адам. Ол бақылау кеңесінің төрағасы және EUROPHARMA және ArzanPharm дәріхана желілерін басқаратын Aqniet Group компаниясының көпшілік акционері.

Бірақ, ол басқа салалармен де айналысады – оған Kbi Energy, Satti Logistics, Greenhouse-Qaztomat жылыжай кешені, Мәскеудегі Mövenpick және Pana Қонақ үйлері, Алматыдағы Novotel Living және Ibis Style қонақ үй кешені тиесілі.

Бірақ, Қайрат Итемгеновтың энергетикаға бейімі ерек сияқты. Егер оның қызметтік тізімінде "Самұрық Энерго" аппаратының басшысы лауазымы болғанына қарағанда, бұл салаға қызығуы таңғаларлық емес. 

- Заңсыз қызметті жүзеге асыратын майнингтік компаниялардың арасында Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің бірі Қайрат Итемгеновпен аффилиирленген фирмалар бар, – деп хабарлады 2022 жылғы маусымда Қазақстанның қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

– Біздің есептеулеріміз бойынша, олар шамамен 1193 биткоинді (мамыр айының ортасындағы бағам бойынша - 36,5 миллион доллар) заңсыз иемденді, - деп қосты журналист Дмитрий Шишкин.

-Екібастұз ГРЭС-1-нің бұрынғы атқарушы директоры Талғат Нағышпаевпен бірге екі энергетик  жылыжай шаруашылығын құрды. Олар іс жүзінде ГРЭС-тен арзан электр энергиясын алып, онда бірдеңе өсіреді, бірақ содан кейін олар рентабельділікті күрт көтеріп,  "артылғанын" тау-кен өндірісіне беруді жөн көрді", - деді журналист.

Павлодар облысы әкімінің брифингінде Ulysmedia.kz тілшісі Асайын Байхановтан сұр майнингпен ұсталған адам стратегиялық нысандарды модернизациялаумен қалай айналысып жүргені туралы сұраған. Алайда, әкім бұл мәселе "Самұрықтың" жауапкершілігі екенін айтып, егжей-тегжейлі жауап беруден бас тартты.

Итемгеновтың майнингтегі табысы бір жыл бұрын көпшілікке мәлім болғандықтан, олар ақпаратты өте мұқият тексеріп жатқан болуы керек.

Энергетика және Ұлттық экономика министрлерімен кездесуде біз миллионердің ел энергетикасындағы тағдыры мен рөлі туралы тағы сұрадық. Жауап өте қысқа болды – қазір аудиторлық палата мен құқық қорғау органдары мұны зерттеп жатыр.

Айтпақшы, Қайрат Итемгеновтің Facebook парақшасында оның тұрғылықты жері Дубай екені көрсетілген. БАӘ-ге кеткен азаматтарымыздың көпшілігі елге орала қоймайтынын білеміз. Ең бастысы, ол жақта жарық өшіп қалмайды, ал біздің станцияларды жаңғыртуды "қашықтан" да жүргізе беруге болады.

Forbes тізіміндегі сенімді адамдар

Қазақстандық саяси алаңда кенеттен "Республика" партиясы пайда болған кезде, бизнес өзінің ең табысты менеджерлерін Парламентке не үшін, қандай мақсаттармен жібермекші деген ой көптің көкейін мазалай бастады. Олардың арасында Итемгеновтың "оң қолы" – Руслан Берденов те болды.

Руслан Берденов

2010 жылдан бастап ол бүкіл ел бойынша жүздеген EUROPHARMA және Arzan pharm дәріханаларын басқаратын "АҚ НИЕТ" компаниясында жұмыс істеді. Бастапқыда Берденов тағы бір миллионер Дінмұхамет Ыдырысовтың басшылығымен жұмыс істеді – ол Қазақстанның ең бай адамдарының тізімінде 16-шы орында. Сонымен қатар, Ыдырысов – Мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулиннің құдасы.

Берденовтің Қайрат Итемгеновпен жақсы қарым-қатынаста сияқты – 2022 жылы олар Мәскеуде бірлескен бизнес ашты.

Сонымен қатар, Aqniet Group бақылау кеңесінде Forbes тізімінде 5-ші орынға ие кәсіпкер Тимур Турлов отыр. Freedom Holding Corp негізін қалаушысының депутат Берденовпен байланысы бар сияқты.

Бірақ мұнымен біткен жоқ: партияның "ҚазАзот" ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Бахаридин Аблазимовпен байланысы туралы мәліметтер бар, ол ең бай қазақстандықтардың тізімінде. 31-орында.

Бахаридин Аблазимов

Депутат Берденов букмекерлермен, жол қозғалысымен және мәслихат депутаттары қабылдай алатын басқа да ұсақ-түйектермен айналысып жатыр. Бірақ оның бұрынғы бастығының компанияларын бюджеттік қаржыландырумен байланысты барлық істер тексерілгенде, оның өзін қалай ұстайтыны белгісіз. Бәлкім, сайлау алдында партия мәліме еткендей, оның мүшелері мүшелері – ел тағдырына алаңдайтын нақты істері бар адамдар алдағы жылдары "өткеннің қателіктерін түзетумен" айналысатын болар.