×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Көлгінов тергеліп жатыр ма – Бас прокуратураның жауабы

26.10.2023, 12:01
gov.kz

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев премьер-министрдің бұрынғы орынбасары Алтай Көлгінов туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Журналистер “Көлгіновке қатысты тергеу жүргізіліп жатыр ма?” деп сұрады.

"Бұрынғы әкімге қатысты тексеру жүргізіліп жатыр ма, әлде сотқа дейінгі тергеу басталды ма деген сұрақтарға қатысты айтарым, менде қазір дерек жоқ. Қылмыстық іс қозғалғаны-қозғалмағаны жайлы ақпарат жоқ", – деді ол.

Еске салайық, 8 маусым күні Тоқаев Көлгіновті премьер-министрдің орынбасары лауазымынан босатты, бұл қызметте ол алты айдан аз уақыт қана жұмыс істеді.

Бұдан бұрын экс-шенеунік елорда әкімі кезінде атқарған жұмыстарын жұрттың есіне салған.

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту», ​​«Жайлы мектеп», «Ауыл аманаты» және тағы басқа мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру басталды. Жауапты министрліктер жұмысын бастады. Мәселен, «Ауыл денсаулық сақтау саласын жаңғырту» жобасы 3 жыл ішінде 600-ден астам медициналық нысанды салу арқылы ауыл тұрғындарын жедел әрі сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ республика бойынша «Жайлы мектеп» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесінде апатты және үш ауысымдағы мектептердің мәселелері шешіледі”, – дейді Алтай Көлгінов.

Серіктес жаңалықтары