×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Сенат 2024 жылға арналған шығыстарды көбейтіп, бюджет жобасын мәжіліске қайтарды

23.11.2023, 12:20
Иллюстрациялық фото

ҚР Парламенті Сенаты бейсенбі күнгі жалпы отырыста 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қарап, оны түзетулерімен Мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Атап айтқанда, сенаторлар 2024 жылға арналған шығыстарды 119,5 млрд теңгеге арттыру қажет деп тапты. Шығындарды ұлғайту президент пен үкіметтің резервтері есебінен қаржыландырылады.

2024 жылға арналған республикалық бюджет шығыстарының жалпы көлемі 23,9 триллион теңгеден астам сомаға есептелді. 2024 жылға кірістер 16,1 трлн теңге көлемінде болады деп жоспарланып отыр.

Келесі жылдың тапшылығы 3,5 триллион теңгеден асады немесе жалпы ішкі өнімнің 2,6 пайызын құрайды.

2024 жылы бюджет тапшылығын жабу үшін Ұлттық қордан 3,6 триллион теңге алынбақ.

Регламентке сәйкес, сенаторлар енгізген түзетулерді Мәжіліс қарауы тиіс. Мәжіліс келіссе, заң қабылданып, ел Президентінің қарауына жіберіледі.

Оралхан ҚОЖАНОВ

 

Серіктес жаңалықтары