×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Маралдыдағы алтын дауы: ШҚО әкімі не дейді

30.11.2023, 14:17
коллаж

Шығыс Қазақстан облысының әкімі алтын өндіретін фабриканың салынуына қарсылық білдіріп жатқан Маралды ауылының тұрғындарымен әлі кездесу өткізген жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Маралдыдағы жанжалға қатысты пікір білдірді.

«Парадоксальды жағдай: Маралдыда құрылысты қаламайды, бірақ Белоусовкада «жабылмасын» дейді. Онда үйлер мен ауруханалар салынды. Қоғамдық көлік жұмыс істейді, адамдар жұмыспен қамтамасыз етілген. Ал Маралдыдан жыл сайын бірнеше ондаған адам, негізінен жастар көшіп кетеді. Өйткені олар ауылдың болашағын көрмейді. Мұндағы жалғыз кәсіп – омарташылық.

Мәселенің түп-төркінін іздесек, бұрын жер қойнауын пайдаланушылар өңірде жұмыс істеген кезде көпшілігінің кен орындарын игеруге деген көзқарасы дұрыс болмаған сияқты. Мәселен, Бестөбе мен Жамбыл өңірінде өзінен кейін артын тазаламайтын «қазушылар» бар.

Жаңа инвестор келіп, 23 миллион долларға жуық инвестиция салды. Сома бұдан да көп болады. Зауыт 300-ге жуық жұмыс орнын ұсынады. Бұл – Маралды ауылын толығымен қамтиды деген сөз. Оның үстіне фабрика бірқатар әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін қор құруға дайын.

Құжаттамаға келетін болсақ. Маралдыға екі вице-министр келді. Жобаны жүзеге асыруға кедергі келтіретін себептердің жоқтығы жарияланды. Барлығы заңды, рұқсат құжаттары бар. Қауіпсіздік туралы сарапшылардың пікірлері де бар. Біздің тарапымыздан бақылау жүзеге асырылады. Бұл жоба азаматтардың өмірін жақсартуға септігін тигізеді деп ойлаймын», –  деді әкім.

Әкім Күршім мен Катонқарағайдан басқа барлық аудандарды аралағанын қосты.

«Мен ол өңірлерде жұмыс сапарымен барсам да, тұрғындармен кездесулер өткізілген жоқ. Мәселе мынада: алдағы уақытта бұл екі аймақ бөлінеді. Екі жаңа аймақ пайда болады. Халықта «ол қалай бөлінеді, қанша ақша жұмсалады?» деген сұрақтар туындайтыны белгілі. Облыстық бюджет жасақталуда. Желтоқсанның ортасына қарай не болатыны туралы толық түсінік пайда болады және мен тұрғындардың барлық сұрақтарына жауап бере аламын. Жыл соңына дейін бұл екі ауданға міндетті түрде барамын», – деп сендірді әкім.

Еске сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысының Маралды ауылында кәсіпкерлер жергілікті халықтың пікірімен санаспай алтын өндіретін фабрика құрылысына кіріскен. Тұрғындар кәсіпорынның өзенге жақын орналасатынына наразылық білдіріп, ауыл экологиясын ойрандайтын фабриканың ашылуына жол бермеу үшін бармаған жерлері, қақпаған есіктері қалмаған.

Ulysmedia.kz порталы Шығыс Қазақстан облысындағы Маралды ауылында тұтанған «алтын» дауының хронологиясы жазып келеді. Онда тотыққан алтын кендерін өндіретін және өңдейтін тау-кен кәсіпорны ашылмақ. Кәсіпорынның натрий цианидін пайдалану арқылы қуаттылығы жылына 250 мың тоннаны құрайды.

Тұрғындар болашақ зауыт Күршімге құятын Маралды өзені мен Күршім Ертіске құятын өзеннің бойында орналасқанына алаңдаулы.

Олардың пікірінше, кәсіпорын жергілікті тұрғындардың денсаулығына ауыр зардап әкелу қаупін төндіріп қана қоймайды, сонымен қатар өсімдіктері, жануарлары мен құстары Қызыл кітапқа енген бірегей табиғи қорыққа зиян келтірмек.

Бұған дейін Маралда тұрғындармен байланыста болған Ulysmedia.kz тілшісі олардың «алтын» фабрикасына табиғи қорықтан орын берілмеуі үшін соңына дейін күресетіндерін білген еді.

Оралхан ҚОЖАНОВ

 

Серіктес жаңалықтары