×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Тұрғымбаевтың үстінен іс қозғалғаны жөнінде бізде ақпарат жоқ - Бас прокуратура

19.03.2024, 19:31
Тұрғымбаевтың үстінен іс қозғалғаны жөнінде бізде ақпарат жоқ - Бас прокуратура
Ашық дереккөзден

Бас прокуратура бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

- Оның үстінен қылмыстық іс қозғалғаны жөнінде бізде ақпарат жоқ. Ресми сауал жолдаңыздар, – деп жауап берді Ulysmedia тілшісіне Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.

Тұрғымбаевтың үстінен іс қозғалғаны жөнінде ақпаратты Орда.кз басылымы таратқан болатын. Сайттың хабарлауынша, экс-министр 2022 жылғы қаңтар оқиғаларына байланысты қылмыстық іс бойынша күдікті.

- Іс қылмыстық кодекстің 361-бабы 1-бөлігі (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) бойынша іс қозғалды. Қаңтар оқиғаларына байланысты тергеудің екінші толқыны басталды. Тергеу орбитасында ІІМ-нің бұрынғы министрінен басқа Талдықорған полициясының бұрынғы бастығы Асқар Нұрсапа, Қарасай ауданының бұрынғы полиция бастығы Болат Тотыбаев және басқалар бар. Тергеу басталғаннан кейін Тотыбаев Қазақстаннан қашып кеткен, – деп жазады басылым.

Тұрғымбаев 2019 жылғы ақпанда билік транзиті қарсаңында Ішкі істер министрі болып тағайындалды. 2022 жылғы ақпанда қанды қаңтардан кейін отставкаға кетті. Алайда генерал-лейтенант позициясын сақтап қалды, кейін бірден президенттің кеңесшісі болды.