Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау министрінің міндетін уақытша атқаратын болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Бұл туралы Ulysmedia.kz порталының тілшісіне Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, Бүркітбаев 2021 жылғы 22 қаңтардан бастап ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарады. Еске салайық, бүгін таңертең Алексей Цой өз еркімен Денсаулық сақтау министрі қызметінен кетті. Жаңа министр әлі тағайындалған жоқ.