×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

ТЖ министрі 80 миллионның пәтері туралы айтудан бас тартты

23.12.2021, 14:38
ТЖ министрі 80 миллионның пәтері туралы айтудан бас тартты
Ulysmedia.kz

Журналистердің төтенше жағдай министрінен жылжымайтын мүлік бағасы мен хатшының қалай кеңесші болғанын білуге қатысты талпынысы сәтсіз аяқталды. Юрий Ильин бұған дейін жарық көрген ақпаратты жоққа шығармады, бірақ өзінің қызметкері үшін 80 миллион теңгеге сатып алған делінген пәтер туралы айтудан үзілді-кесілді бас тартты деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Орталық коммуникациялар қызметіне баспасөз мәслихатына келген министрге, елордадағы қымбат тұрғын үй кешендерінің бірі «Австрия орамынан» пәтер сатып алғаны жайлы тараған бейнежазбаға қатысты сауал қойылды. 

«Мен бүгін министрліктің қызметі туралы есеп беремін деп ойлаймын. Жеке өмір туралы сұрақтарға қатысты, бейнесюжетте айтылған барлық нәрсені түсіндіру үшін бөлек жауап беруге дайынмын», - деген ол тілшілерге баспасөз қызметі арқылы барлық сұрақтарға жеке жауап беремін деп уәде берді.

Осы орайда министр қызметкерлерінің жалақысы өте төмен екенін, ал өзі миллион теңгеге жуық алатынын мойындады.

«2023 жылға қарай ТЖМ ғана емес, бүкіл құқық қорғау жүйесі, Қорғаныс министрлігі қызметкерлерінің жалақысы ҰҚК лауазымдық жалақысының 80%-на теңестіріледі», - деп сендірді Ильин.

Төтенше жағдайлар министрі – саяси тұлға, сондықтан оның элиталық тұрғын үйдегі пәтерге қатысты жағдайды түсіндіруден бас тартуы таң қалдырды. 

Естеріңізге сала кетейік, Юрий Викторович Ильин 2020 жылғы 11 қыркүйекте төтенше жағдайлар министрі болды, оны ведомство құрылғаннан кейін 2 күннен кейін тағайындады.

Төтенше жағдайлар министрлігін қайта құруды президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың 1 қыркүйегінде тапсырды. Бұған дейін ведомство Ішкі істер министрлігінің құрылымында болды.