×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Петиция: қаскөйді өмір бойы бас бостандығынан айыру талап етілді

01.01.2022, 11:48
Фото: ашық дереккөзден

Алматыда Аяжан Еділова есімді бойжеткенді өлтірген Рахманберді Төребековті өмір бойы бас бостандығынан айыру талап етілген петиция іске қосылды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұған дейін, еске сала кетсек, Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 19 жастағы Аяжан Еділованың ісіне қатысты үкім шығарып, сотталушы Рахманберді Төребековті кінәлі деп танып, 25 жылға бас бостандығынан айырды.

«Біз Қазақстан азаматтары 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тым жеңіл және әділетсіз деп санаймыз! Сотталған адам болашақта жаза мерзімінің жартысын өтегеннен кейін, яғни 13 жылдан кейін босатылуы мүмкін! ҚР ҚК 99-бабы өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді!

Біз Аяжан Еділованы өлтірушіні өмір бойы бас бостандығынан айыруды талап етеміз! Сот әділ және әділ болуы керек! Прокуратура жауап беріп, наразылық білдіріңіз! БАҚ үн қатыңыздар!», – делінген петиция мәтінінде.

Серіктес жаңалықтары