Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты мәлімде жасады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбук парақшасына жариялады.
«Құрметті Отандастар, қадірлі ағайын! Баршаңызға тағы да айтарым: іштен және сырттан болған сан түрлі жалған ақпараттарға сеніп, ереуілге салынған топтың қитұрқы әрекеттері мен тәртіпсіздікке ермей, парасатпен және ақылмен шешім қабылдауға шақырамын. Азаматтық және әскери мақсаттағы қызметтік ғимараттарға шабуыл жасауға үндейтін ұрандар заңға мүлдем қайшы келеді. Бұл өрескел қылмыстық әрекет. Билік құламайды, бірақ бізде өзара сенім және өзара диалог керек», - деді мемлекет басшысы.
Ол жастарды болашақтарын ойлауға шақырды.
«Ал жастарға айтарым: жарқын болашақтарыңа балта шаппаңыздар. Жақындарыңыз бен туған-туысқандарыңыздың жағдайын ойлаңыздар. Жалпы барлық заң аясындағы өтініштер мен талаптар ескеріледі. Тиісті шешімдер қабылданады. Өйткені осы мәселелер бойынша арнайы жиналыс өтеді. Мен баршаңыздың парасаттылықтарыңызға сенемін. Сіздердің амандықтарыңыз бен тұтас еліміздің қазіргі әлемдегі жағдайы осыған байланысты», - деді мемлекет басшысы видеоүндеуде.