×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

ҚДБ белгілі бір топтың жеке банкіне айналып кетті - Тоқаев

11.01.2022, 10:41
Фото: Ашық дереккөзден

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Даму банкі таңдаулылардың жеке банкіне айналғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасады.

«Қазақстанның Даму банкі шынтуайтында белгілі бір топтың жеке банкіне айналып кетті. Біз олардың фамилияларын да білеміз», – деді Тоқаев

«Қазақстанның Даму банкі» АҚ  2000 жылғы 28 желтоқсанның Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев №531 «Қазақстан Даму Банкі туралы» Жарлығымен құрылған.

Банктің миссиясы:

- Еліміздегі шикізаттық емес секторларға инвестицияларды жүзеге асыру арқылы ұлттық экономикамыздың тұрақты дамуына үлесімізді қосу.

- Банктің көрінісі:

- ҚР Үкіметіне және жеке секторға арналған ірі инфрақұрылымдық және индустриалдық жобаларды бағалау және құрылымдау бойынша еліміздің озық операторы;

- өнеркәсіп және инфрақұрылым саласындағы жобалардың уақытылы және жеткілікті дәрежеде қаржыландырылуын қамтамасыз ететін мамандандырылған мемлекеттік даму институты;

- ұлттық валютамен ең жақсы қаржыландыруды ұсыну бойынша қаржы институты;

- халықаралық нарықта беделге ие болған, активтер көлемі бойынша Қазақстанның ең ірі қаржы институттарының бірі;

- корпоративтік клиенттерге арналған ұзақ мерзімді және қымбат емес алыс-берістер мен инвестициялар тарту бойынша басты агент.

Мақсаты:

- мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін жетілдіру мен арттыру;

- өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіпті дамыту;

- елдің экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға көмектесу.

Серіктес жаңалықтары