×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Қанат Сергейұлы әділет министрі болып тағайындалды

11.01.2022, 16:36
Фото: ашық дереккөзден

Жаңадан жасақталып жатқан Үкімет қатарында әділет министрі болып, бұған дейін Жоғарғы сот судьясы ретінде қызмет атқарған Қанат Мусин тағайындалды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үйленген, үш баласы бар Қанат Сергейұлы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін “заңгер” мамандығы бойынша бітірген. Сот, прокуратура жүйесінде, қауіпсіздік кеңесі хатшылығында істеген, Мәжіліс депутаты болған. Қаржы полициясының полковнигі.

Еске сала кетсек, осы уақытқа дейін Әділет министрлігіне 1977 жылы 29 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген, 1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін, 2000 жылы Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін аяқтаған Марат Бекетаев жетекшілік етті.

Серіктес жаңалықтары