×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Талдықорғанда 70-ке тарта көпқабатты үй жылусыз қалды

02.02.2023, 12:16
видеодан скриншот

Талдықорғанда жылу құбыры жарылды. Салдарынан 67 көпқабатты үй жылусыз қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы қала әкімдігі мәлім етті.

«Желтоқсан мен Медеу көшелерінің қиылысында жылу құбыры жарылып, қазір 28 адам жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Құбырдан бүгін таңғы сағат 6:00 шамасында ақау шыққан. Қазір 67 көпқабатты үй жылусыз қалды. Біздің жоспарымыз бойынша төрт сағаттың ішінде ақау жөнделіп, жылу үйлерге беріледі», - деді Талдықорған қаласы әкімі баспасөз қызметінің өкілі Мәди Шакенов.

Әкімдік өкілі Талдықорған қаласындағы жылу қазандықтарының барлығы штатты режимде жұмыс істеп тұрғанын айтты.

Серіктес жаңалықтары