×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қаңтарда инфляция 20 пайыздан асты – Ұлттық банк

14.02.2023, 10:32
фото: ашық дереккөзден

Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов елдегі инфляция көрсеткіштерін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазақстанда инфляцияның айлық динамикасы 2022 жылғы наурыз айындағы ең жоғары мәнге (3,7%) жеткен соң төмендеп келеді. Биылғы қаңтарда айлық инфляция біртіндеп 1,1%-ға дейін төмендеді. Бұған қарамастан, ол орташа жылдық мәннен едәуір асатын деңгейде қалып отыр. Жылдық мәнде инфляция биылғы қаңтарда 20,7%-ға жетті. Жылдық мәнде 25,7%-ға жеткен азық-түлік бағасының өсуі инфляцияның өсуіне көптеп үлес қосып отыр»,  – деді Шолпанқұлов.

Оның сөзінше, азық-түлікке жатпайтын инфляция да импорт тауарларының қымбаттауы мен оларға сұраныстың сақталуына байланысты 20,2%-ға дейін жеделдеді. Ақылы қызметтердің инфляциясы 14,2%-ға жетті.

«Логистиканың өзгеруіне, жоғары инфляциялық күтулерге, сұранысты фискалдық қолдауға және кредит берудің ұлғаюына байланысты инфляция өсуін жалғастырып келеді. Сақталып отырған тәуекелдер базалық мөлшерлемені ағымдағы деңгейде ұстап тұруды талап етеді», - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Айта кетейік, өткен аптада Қазақстан  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 0,4%-ға, ал жылдық мәнде  23,5%-ға қымбаттағанын хабарлағанбыз.

Бұдан бұрын Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қаржы бөлінгеніне қарамастан бағаны ұстап тұра алмаған шенділер қызметімен қоштасатынын ескерткен.

Серіктес жаңалықтары