×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Мектепте лицензиясы бар күзет қызметі болмаған – Көлгінов Петропавлдағы оқиға жайлы

14.02.2023, 12:26
фото: ашық дереккөзден

Үкімет басшысының орынбасары Алтай Көлгінов оқушыларға шабуыл жасалған Петропавл мектебінде бейнекамера болғанымен, лицензиясы бар күзет қызметін болмағанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бұл мектепте бейне камералар болғанымен, лицензиясы бар күзет қызметі болмаған. Қазір әкідіктердің алдына бүкіл мектептер бейнебақылаумен мен жабдықтау туралы міндет қойып отырмыз. Әсіресе қалаларда, аудан орталықтарында интернет бар жерлерде мектеп камералары полиция басқармасының жедел орталығына жалғануы керек. Сондай-ақ, турникет бойынша да талаптар бар. Бірақ ол талапты қңірлердің бәрі орындай қойған жоқ», - деді вице-Премьер.

Оның айтуынша, қазір елдегі бүкіл мектептерде түгендеу жұмыстары жүреді.

«Сондықтан қазір бүкіл өңірлерге, мектептерге, білім басқармаларына түгендеу жүргізіп, стандарттар, бірінші кезекте қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін тексеру тапысырылды», - деді ол.

Еске салайық, кеше Петропавл мектебінде балта және пышақпен қаруланған 9-сынып оқушысы 3 баланы жарақаттады

ІІМ мәліметінше, оқушы сағат 07:50-де 2-ші қабатта орналасқан әжетханада маскасын киіп, балтамен дәлізге жүгіріп, әуелі 10-шы сынып оқушысының басынан 2 рет ұрып, одан кейін 10-шы сыныпта оқитын қыздың иығанан 1 рет және басынан 2 рет ұрған және 9-шы сынып оқушысының басынан 1 рет ұрған. Шабуыл жасаған оқушыны жоғары сынып оқушылары  мен мұғалімдер ұстаған.

Полиция қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкіметтің бүгінгі отырысында аталмыш оқиғаға байланысты төрт министрге тапсырма берді.

Серіктес жаңалықтары