×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Екібастұздағы жылу жыры: Үкімет Клебановтың компаниясын тексеруді неге созбаққа салып отыр?

17.02.2023, 12:47
Екібастұздағы жылу жыры: Үкімет Клебановтың компаниясын тексеруді неге созбаққа салып отыр?
Коллаж: Ulysmedia.kz

Өңірлерді дамыту жөніндегі Парламенттік тыңдауда Екібастұздағы жылу мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сенатор Алтынбек Нұхұлы қаладағы жылумен жабдықтау жүйесіне жүргізіліп жатқан түгендеу жұмыстарының ұзаққа созылып кеткенін сынға алды.

«Қазақстан экономикасының энергетикалық орталығы, яғни электр қуатының жартысына жуығын, көмірінің жартысынан астамын беріп отырған Павлодар облысы, Шерхан Мұртаза ағамыз айтпақшы, «алтын сандық үстінде жалаңбұт отырған» екібастұздықтардың ахуалы бәрімізге сын болып отыр», - деді депутат.

Алтынбек Нұхұлы Энергетика министрін сұрақтың астына алды:

«Жылумен жабдықтау жүйелеріне жүргізілген техникалық аудиттің қорытындысын неліктен созып отырмыз? Қалада жылыту маусымы аяқталғаннан кейін басталатын кең ауқымды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін шамамен қанша миллиард қаржы қажет? Оған қажетті қаражаттың қанша пайызын құрылтайшысы Александр Клебанов болатын компания мойнына алмақшы? Келесі қысты екібастұздықтар көңілдері алаңдамай қарсы алатындай жағдай жасалады деп айта аласыз ба?», - деді ол. 

Ақшолақовтың сөзінше, аталмыш аудиттің қорытындысы бір айдан кейін шығады.

«Алдын ала айтайын, Мемлекет басшысы берген тапсырмаға байланысты бүкіл жылу-электр орталықтарын тексеру жұмыстарын бірінші тоқсанның аяғына дейін аяқтауымыз керек. Яғни, наурыз айының аяғына дейін осы іс жүргізіліп жатыр. Қасымда Дүниежүзілік банктің өкілі отыр. Соның көмегімен қаражат та бөлінді. Қазіргі таңда біріккен топ бүкіл 37 жылу-электр орталығының жұмысын тексеріп жүр. Оның қорытындысын бірінші тоқсанның аяғында күтеміз», - деді министр

Сондай-ақ, министр жылу электр орталығын жөндеуге бөлінетін қаражат мәселесі әлі қарастырылып жатқанын айтты. Шығындар толығымен Клебановтың компаниясына артыла ма, әлде мемлекет көмектесе ме – әлі шешілмепті.

Еске сала кетейік, Еске салсақ, өткен жылдың 27 қарашасында Екібастұздағы жылу желілерінде апат болып, бірден 149 тұрғын үй жылусыз қалған еді. Қалада төтенше жағдай жарияланды. Тұрғындар қатарынан бірнеше күн бойы жылусыз отырды. Үйлердегі жылу батареялары жарылып, канализация желілері бүлінді. Қаладағы жағдайды тұрақтандыру жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Екібастұздықтар  екі күннің бірінде жылусыз отыруға мәжбүр.

Еске сала кетейік, 8 ақпанда «Павлодарэнерго» АҚ бұрынғы бас директоры Вадим Лесин Екібастұз қаласын жылумен  қамту проблемасын жылыту маусымы аяқталғанға дейін шеше алмайтынын мәлімдеді.

Өткен аптада өңірге жұмыс сапарымен барған Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр Вадим Лесиннің жұмысын қатаң сынға алып, оның қызметінен босатылуын талап етті.

Күні кеше компанияға жаңа басшы тағайындалды