×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Миллиардтаған қаржы керек: Екібастұздағы тозығы жеткен жылу желілері мемлекетке берілуі мүмкін

07.03.2023, 12:22
Коллаж: Ulysmedia.kz

Олигарх Александр Клебановтың бақылауындағы құрылымға тиесілі Екібастұздағы жылу желілері мемлекетке берілуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Үкімет кулуарында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлім етті.

"Наурыз айының соңында аудиттің аяқталуын күтейік, жобалық-сметалық құжат әзірленіп жатыр. Мемлекет балансына алынатын желілер, әрине, бюджет есебінен жөнделеді. Аудиттің аяқталуын күтейік", – деді ол.

Еске сала кетейік, өткен жылдың 27 қарашасында Екібастұздағы жылу желілерінде апат болып, бірден 149 тұрғын үй жылусыз қалған еді. Қалада төтенше жағдай жарияланды. Тұрғындар қатарынан бірнеше күн бойы жылусыз отырды. Үйлердегі жылу батареялары жарылып, канализация желілері бүлінді. Қаладағы жағдайды тұрақтандыру жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Екібастұздықтар  екі күннің бірінде жылусыз отыруға мәжбүр.

8 ақпанда «Павлодарэнерго» АҚ бұрынғы бас директоры Вадим Лесин Екібастұз қаласын жылумен  қамту проблемасын жылыту маусымы аяқталғанға дейін шеше алмайтынын мәлімдеді.

Өңірге жұмыс сапарымен барған Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр Вадим Лесиннің жұмысын қатаң сынға алып, оның қызметінен босатылуын талап етті.

15 ақпанда компанияға жаңа басшы тағайындалды

Өңірлерді дамыту жөніндегі Парламенттік тыңдауда Екібастұздағы жылу мәселесі көтеріліп, сенатор Алтынбек Нұхұлы қаладағы жылумен жабдықтау жүйесіне жүргізіліп жатқан түгендеу жұмыстарының ұзаққа созылып кеткенін сынға алған болатын.

Бұған дейін де Роман Скляр аудит қорытындысы шықпай ештеңе айта алмаймын деп қысқа қайырған.

Серіктес жаңалықтары