×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Назарбаевша азаматтық борыш: дауыс беруге келген экс-президент журналистерден қашып кетті

19.03.2023, 11:17
ulysmedia.kz

Қазақстанның экс-президенті "Астана опера" мемлекеттік опера және балет театрының ғимаратында орналасқан № 393 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Өз таңдауын жасап болғаннан кейін тілшілер Назарбаевқа сұрақтарын қоймақшы болған, алайда ол бірде-бір сауалға жауап берместен теріс айналып кетіп қалды. Экс-президентті екі сағаттан астам уақыт күткен БАҚ өкілдері оған жақындай алмады.

Айта кетейік, бүгін қазақстандықтар Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды. Республика бойынша 10 мыңнан астам сайлау учаскелері жұмыс істеп тұр.

Сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау 19 наурызда жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00-де басталады және 20 наурызда таңғы 8:00-де аяқталуы керек.

Бұдан бұрын "Еркіндік қанаты" қоры учаскелер ашылған сәттен бастап қандай бұзушылықтар тіркелгенін айтқан.

Серіктес жаңалықтары