×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Риддер жылу электр орталығы температура режимін 133 рет бұзған – министр

11.04.2023, 09:46
Риддер жылу электр орталығы температура режимін 133 рет бұзған – министр
фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының жылу желілеріндегі температура режимі 133 рет бұзылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті.

«Былтыр қазан айының соңында Риддер электр станциясында жылу желісінің температурасының айтарлықтай төмендеуімен ауыр апаттық жағдайлар басталды. Биылғы қаңтар айында таспалы конвейерлер галереяларында және №6 қазандықтың басқару тақтасында өрт болды. Наурызда №5 қазандықтағы кабельдердің термиялық зақымдануы және №6 қазандық аймағындағы көмір шаңының дүмпуі қоршау құрылымдарын ішінара бүлдірді. Жылыту кезеңінен бастап жылу желілері жұмысының температуралық режимін сақтамаудың 133 жағдайы орын алды. Бұл республика бойынша ең үлкен көрсеткіш», - деді министр Үкімет отырысында.

Оның айтуынша жылумен жабдықтаушы кәсіпорын «Қаражыра» акционерлік қоғамы жеткізген көмірдің 1,5 млрд теңге ақысын кешіктірген.

«Осы фактілер бойынша тергеу жүргізілді, жаза туралы хаттамалар жасалып, жоспардан тыс тексерулер жүргізілді», – деді Алмасадам Сәтқалиев.

Айта кетсек, бұдан бұрын Шығыс Қазақстан облысының әкімі Риддердегі жылу электр орталығында екі қазандықтан өрт шыққанын хабарлаған болатын. Даниал Ахметов стансаның жаңа иелерін технологиялық бұзушылықтар жасады деп айыптады.

Сондай-ақ, 23 наурызда Риддер ЖЭО №6 қазандық аймағындағы жанармай беру галереясында көмір шаңы жарылды. Жарылыс толқыны шамамен 80 шаршы метр қоршау құрылымдарын қиратты.

24 наурызда қалада өңірлік ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланды.

ШҚО прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесін Риддер ЖЭО-ның техникалық жай-күйі көңіл көншітпейтінін көрсетті. Жылу электр орталығының басшылығына 11 млн теңгеден астам айыппұл салынды.