×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Гүлмира Сатыбалдыға үкім шықты

04.05.2023, 10:09
Коллаж: Ulysmedia.kz

Сот Назарбаевтың бұрынғы келіні Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша шешім шығарды. Ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкімді бейсенбіде Байқоңыр ауданының N2 астаналық сотының судьясы Кемеңгер Имашев оқыды.

Еске салайық, 14 наурызда Астанада Байқоңыр ауданының N2 сотында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы келіні Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша негізгі сот талқылауы басталды.

Гүлмира Сатыбалды адам ұрлады және озбырлық жасады деп айыпталды. Екі кәсіпкер бизнестері рейдерлік жолмен басып алынғанын айтты. Сотталушылар қатарында Гүлмира Сатыбалдыдан бөлек, оның жүргізушісі мен көмекшісі бар. Жәбірленушілер – белгілі кәсіпкер Тұрсен Алагөзов және Maxi Bottlers ЖШС бұрынғы иесі Айгүл Мекешева.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша алдын ала тыңдауда қорғаушы тарап бұлтартпау шарасын үй қамағына немесе кепілге өзгерту туралы өтініш білдірген болатын. Судья Имашев өтінішті қанағаттандырудан бас тартып, бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды.

Сондай-ақ, прокурор Әлмира Қожахметова Гүлмира Сатыбалды тергеу барысында елден кетіп қалуға тырысқанын айтқан.

Бұдан бұрын  Maxi Bottlers ЖШС бұрынғы иесі Айгүл Мекешова өтемақы ретінде 760 млн теңгеден астам ақша сұрады. Ол Гүлмира Сатыбалдының бұйрығымен қалай ұрланғанын егжей-тегжейлі айтып берген болатын.

Алайда Мекешова кейіннен талап арызынан бас тартты.

Ал кәсіпкер Алагөзов Гүлмира Сатыбалдыдан 6 миллиард 985 миллион теңге шығын және 5 миллиард теңге мөлшерінде моральдық шығын талап етті.

Гүлмира Сатыбалды – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі.

Өткен жылы сот үкімімен Қайрат Сатыбалды 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары