×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

"Әр әзілдің астарында зіл бар": депутат Тоқаевтың Путин мен Лукашенкоға айтқан сөзі жайлы

31.05.2023, 11:03
фото: ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Еуразиялық экономикалық форумда сөйлеген сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Менің ойымша, президент өте басымды, тартымды қылып айтты. Арасында әжуасы да болды. Бірақ әр әзілдің астарында зіл жататыны анық. Ең басты принциптер айтылды. Қазақстан өзінің тәуелсіздігінен, тұрақтылығынан, мемлекеттік бірлігінен айырылғысы келмейді. Біз ешқандай қосымша одақтарға кірмейміз. Егер Қазақстан мүшелік ететін одақтар егемендігімізге, тәуелсіздігімізге кері әсер ететін болса, ондай одақтардан шығатынымызды да айттық”, – дейді Айдос Сарым.

Депутат ЕАЭО үш бостандықты қамтамасыз етуі тиіс екенін атап өтті.

“Біріншісі – капиталдың еркін келіп тұруы, бірақ оның өзі санкциялар кесірінен мәселе болып тұр. Екіншісі еңбек күшінің мемлекеттер арасында кедергісіз жүруі және үшіншісі – тауарлардың еркін қозғалысы”, – деді мәжілісмен.

Еске салайық, жуырда  Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық форумда сөйлеген сөзінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  Ресей мен Беларусь одақтық мемлекеттері туралы айтты.

"Біз назарға алуымыз керек концептуалды шындық немесе ерекшелік бар – бұл ЕАЭО-да Беларусь пен Ресейден тұратын одақтың болуы. Бұл одақтың тұжырымдамалық және идеологиялық негізі айтарлықтай салмақты. Бұл қоғам мойындаған өзара мәдени, тілдік, діни бірегейлік. Яғни бір халықтың бар екенін мойындау. Әлемдік саяси тарихта бірыңғай саяси-құқықтық, валюталық, мәдени-гуманитарлық кеңістігі бар "Екі ел – бір мемлекет" формуласы бойынша мемлекет құрудың бірегей үлгісі жасалып отыр. Біртұтас одақтық үкімет, біртұтас одақ парламенті бар. Кешіріңіздер, тіпті ядролық қару да қазір екеуге  – біреу", – деді Тоқаев.

Сондай-ақ, бұдан бұрын президент Қазақстанға «одақ мемлекетке қосылуды» ұсынған Беларусь президенті Александр Лукашенкоға жауап берген.

Серіктес жаңалықтары