×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Антикор экс-министр Тұрғымбаевтан марапат алған полицейді ұстады

09.06.2023, 09:41
фото: ашық дереккөзден

Астана қаласы Полиция департаментінің ЖПҚ ротасының командирі Алмаз Құлтанов пара беруге жәрдемдесті деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана қаласы Полиция департаментінің жол-патрульдік қызметі ротасының командиріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

“Лауазымды адам азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдағаны үшін прокуратура жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бұрынғы қызметкері «Ж» азаматы арқылы сот жүйесінің қызметкерлеріне ірі мөлшерде пара беруге жәрдемдесті деп күдіктенеді.«Ж» азаматы прокуратурада әкімшілік лауазымды атқара отырып, жедел қызметкер болмаған. Қылмыс жасау кезінде жұмыссыз болған”, – делінген ведомство хабарламасында.

8 маусымда тергеу сотының санкциясымен аталған адамдар қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Бұдан бұрын Астана соты Құлтановтың 2 айға қамалғанын хабарлаған.

Айта кетейік, Алмаз Құлтанов 2021 жылы аяғы ауыр келіншекті құтқарғаны үшін сол кездегі ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаевтың қолынан марапат алған.

Тұрғымбаев патрульдік полиция полкі взводының командирі Алмаз Құлтановты, полк қызметінің инспекторлары Асылхан Нұрмұхамбетовті және Нұрсұлтан Сариевті "Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" ІІМ медалімен марапаттады.

Серіктес жаңалықтары