Журналист Думан Мұхаметкәрімнің серіктестері оның үйінде тінту жүріп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ақпаратты журналистің адвокаты Ғалым Нұрпейісов растады. Оның айтуынша, тінту ҚР ҚК 458-бабы (экстремизмді қаржыландыру) бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында жүргізіліп жатыр.
Думан соңғы уақытта тұрған Алматы облысының Іле ауданындағы үйі тінтілуде.
Бүгін адвокат журналист Думан Мұхаметкәрімнен жаңа іс бойынша жауап алынып жатқанын айтқан.
Еске салайық, Думан Мұхаметкәрім 20 наурызда Facebook желісінде жазба жариялап, 21 наурыз күні түстен кейін алаңға шығатынын мәлімдеп, өзгелерді де оған қосылуға шақырғаны үшін қамауға алынды. Қамауда отырғанда журналист аштық жариялады.
15 сәуірде ол қамаудан босатылып, халықты тағы да митингке шақыратынын мәлімдеді.
2 мамырда тағы 25 тәулікке қамауға алынды.
Бұдан бұрын адвокат Ғалым Нұрпейісов Әблязовпен сұхбаты үшін журналист жауапқа тартылуы мүмкін екенін айтқан.
26 мамырда босап шыққан Думан Мұхаметкәрім 28 мамырда қайта қамауға алынды.
2 маусымда журналистің тергеу изоляторында тағы да аштық жариялағаны белгілі болды.
Көп ұзамай оның әкесі әкесі Алмаз Тілепов те ас-судан бас тартатынын мәлімдеді. Іле аудандық прокуратурасына барған Думан Мұхаметкәрімнің ата-анасы ұлдарының заңсыз ұсталып отырғанын, денсаулығы нашарлағанын айтып, оны босатуды талап етті.