×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Сыннан қорқа ма: Экология министрлігі БАҚ-ты Қоғамдық кеңес отырысына неге қатыстырмайды

13.06.2023, 11:18
Ақорда

Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрлігі журналистерді Қоғамдық кеңестің отырысына қатыстырудан бас тартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“2023 жылғы 13 маусымда сағат 15:00-де ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экология және табиғи ресурстар жөніндегі Қоғамдық кеңестің тыңдауы өтеді”, – делінген хабарландыруда.

Ведомство сайтындағы хабарландыруға сүйенсек, қоғамдық кеңестің тыңдауын келесі тақырып бойынша өтеді:

1. Қоғамдық экологиялық бақылауды дамыту мәселелерін талқылау:
 • Жасыл патруль-экологиялық заңнаманы бұзушылықтарды мониторингтеу және анықтау (қалдықтарды санкцияланбаған үйінділер, ағаштарды кесу, СҚА мөлшерін сақтамау, рұқсаттар, ППМ және т. б. шарттарын орындамау)
 • Жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау мақсатында қоғамдық экологиялық бақылау
 • Әлеуметтік маңызы бар жобаларға қоғамдық экологиялық сараптама
 • Қоғамдық және экологиялық бақылаудың тиімділігіне теріс әсер ететін заңнамадағы олқылықтар мен кемшіліктерді анықтау.
 • Министрлікке оларды іске асыру туралы ұсыныспен қоғамдық және экологиялық бақылаудың тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды айқындау.
2. Қазақстан Республикасының биоәртүрлілікті сақтау туралы конвенция бойынша міндеттемелерді орындауы.
3. Аң аулау мақсатында жылулық көздеуіштер мен көздеуіш қондырмаларды пайдалануға заңнамалық тыйым салу.

“Онлайн-трансляция ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Facebook" әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде жүргізіледі”, – деп мәлім етті министрлік.

Бір қызығы, ведомство Абай облысындағы өртке байланысты өз тарапына айтылған сынға қарамастан, кеңес мүшелеріне сұрақ қойғысы келген тілшілерді шараға тіркеуден бас тартып отыр.

Айта кетейік, бұдан бұрын бірінші вице-министр Роман Скляр Қазғарыштың өрт жайлы дерегін экология министрлігі 8 маусымда-ақ білгенін айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары