×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

"Жауаптардың сапасы сын көтермейді": Депутаттарға есеп беруге келетін шенділер сөз естіді

30.06.2023, 08:24
Коллаж: Ulysmedia.kz

Мәжілісте Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр. Төменгі палата спикері Парламентке есеп беруге келетін шенділердің дайындықсыз келетінін сынға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Жалпы отырыстарға, жұмыс топтарына келетін мемлекеттік органдар басшыларының дайындығы төмен. Жауаптарының сапасы сын көтермейді. Бұл – депутаттық сауалдарға берілетін жауаптарға да қатысты. Біз депутаттық сауалдарға халықты толғандыратын өзекті мәселелерді көтеріп, сайлаушылардың тілегі мен аманатын жеткіземіз. Өкінішке қарай бізге толық жауаптың орнына жалпылама, сырғытпа жауаптар жиі келеді”, – деді Ерлан Қошанов.

Ол егер бұл жағдайда жалғаса берсе, болашақта депутаттық сауалға ауызша жауап беру үшін үкімет мүшелерін арнайы шақыртуға мәжбүр болатындарын атап өтті

“Бұл біздің регламентімізде қарастырылған”, – деп ескертті Мәжіліс төрағасы.

Айта кетейік, бұдан бұрын мәжілісмен Аманжол Әлтаев министрлер депутаттық сауалдарға немқұрайлы қарайтынына шүйліккен.

«Депутаттық сауалдың астында халықтың талап тілегі жатыр. «Отписка» жасауды қашан тоқтатасыздар?» - деген еді Аманжол Әлтаев.

Серіктес жаңалықтары