×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Басқа да мәселелер жеткілікті – СІМ Кенесары ханның басын Қазақстанға қайтару жайлы

14.08.2023, 17:13
Фото: Shutterstock

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі соңғы қазақ ханы - Кенесарының басын қайтару мәселесімен тарихшылар айналысуы тиіс деп есептейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың сөзінше, Ресей тарапы Кенесары ханның бас сүйегі жоқ екенін айтқан.

"Менің ойымша, дұрыс жауабын тарихшылар беруі тиіс. Жалпы, мұндай мәселелермен саланы жақсы білетін мамандар айналысуы қажет. Бірақ дипломатиялық арналар арқылы бізге бейінді ведомстволарымыздан сұрақтар келіп түседі. Біз мұны тиісінше Ресей тарапына бағыттаймыз", – деп жауап берді Смадияров Ulysmedia сұрағына.

Смадияров Кенесары ханның бас сүйегі бар-жоғын анықтау мәселесін қазақстандық тарихшылар ресейлік әріптестерімен анықтауы керек деп қосты.

Қазақтың соңғы ханының басын тарихи отанына қайтару мәселесі жоғары деңгейде қарастырылып жатыр ма деген сұраққа сыртқы саясат ведомствосының өкілі: "Білесіз бе, бізде басқа да сұрақтар жеткілікті. Жұмыс істеу керек" деп жауап берді.

Еске салайық, бұдан бұрын Ulysmedia.kz соңғы ханымыз жайындағы арнайы шығарылым ұсынған. Кенесары хан кім және басы қайда, неге қайтара алмай жатырмыз деген сауалдарды тарихшылар мен қоғам қайраткерлері Сұлтанхан Аққұлұлы, Уалихан Қайсаров және Заңғар Кәрімханға қойған едік.

Серіктес жаңалықтары