×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Бизнесмен Алагөзов Назарбаевтың экс-келінінен 6,5 млрд теңге өндіріп алды

04.05.2023, 09:49
фото: ашық дереккөзден

Сот кәсіпкер Тұрсен Алагөзовтың Гүлмира Сатыбалдыдан Galanz Bottlers компаниясының акцияларын қайтару туралы талабын қанағаттандыру туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Алагөзовтың моральдық және материалдық залалды өндіріп алу туралы талабы ішінара қанағаттандырылсын. Гүлмира Сатыбалдыдан жәбірленушінің пайдасына Galanz Bottlers-тің 40 млн 355 мың 912 жай акциясын қайтару және беру жолымен 6 млрд 584 млн 244 мың 88 теңге материалдық залал өндіріліп алынсын", - деді судья Кемеңгер Имашев.

Сондай-ақ, сот Гүлмира Сатыбалды Алагөзовке моральдық зиянды өтеу ретінде 1 млн теңге төлеуге міндеттелді.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Назарбаевтың экс-келіні 7 жылға сотталды.

Еске салайық, 14 наурызда Астанада Байқоңыр ауданының N2 сотында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы келіні Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша негізгі сот талқылауы басталды.

Гүлмира Сатыбалды адам ұрлады және озбырлық жасады деп айыпталды. Екі кәсіпкер бизнестері рейдерлік жолмен басып алынғанын айтты. Сотталушылар қатарында Гүлмира Сатыбалдыдан бөлек, оның жүргізушісі мен көмекшісі бар. Жәбірленушілер – белгілі кәсіпкер Тұрсен Алагөзов және Maxi Bottlers ЖШС бұрынғы иесі Айгүл Мекешева.

Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша алдын ала тыңдауда қорғаушы тарап бұлтартпау шарасын үй қамағына немесе кепілге өзгерту туралы өтініш білдірген болатын. Судья Имашев өтінішті қанағаттандырудан бас тартып, бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды.

Сондай-ақ, прокурор Әлмира Қожахметова Гүлмира Сатыбалды тергеу барысында елден кетіп қалуға тырысқанын айтқан.

Бұдан бұрын  Maxi Bottlers ЖШС бұрынғы иесі Айгүл Мекешова өтемақы ретінде 760 млн теңгеден астам ақша сұрады. Ол Гүлмира Сатыбалдының бұйрығымен қалай ұрланғанын егжей-тегжейлі айтып берген болатын.

Алайда Мекешова кейіннен талап арызынан бас тартты.

Ал кәсіпкер Алагөзов Гүлмира Сатыбалдыдан 6 миллиард 985 миллион теңге шығын және 5 миллиард теңге мөлшерінде моральдық шығын талап етті.

Гүлмира Сатыбалды – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі.

Өткен жылы сот үкімімен Қайрат Сатыбалды 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары