×
440.92
475.36
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
440.92
475.36
4.82

"Халықтың ішерге асы жоғын қайдан ойласын": Олигарх Канның әйелінің сөзі жұрттың шамына тиді

29.05.2023, 08:53
Коллаж: Ulysmedia.kz

Олигарх Сергей Канның әйелі Жанна Канның сөздері қазақстандықтарды ашуландырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Канның айтуынша, "әрбір қазақстандық Luis Vuitton-дан бірдеңе сатып алуды өзінің міндеті деп санайды".

"Бұл таңғажайып құбылыс – әрбір қазақстандық Luis Vuitton-дан бірдеңе сатып алуды өзінің міндеті деп санайды", - деді ол.

Қазақстандықтарды елдегі ең бай адамдардың бірінің әйелі айтқан бұл сөз қатты ашуландырды. Кан қарапайым азаматтардың өмірінде болып жатқан шындықтан алшақтап кеткен деп айыпталды.

"Жанна Кан неліктен қарапайым қазақстандықтар бүйрегін, тіпті бауыры мен жүрегін қоса сатса да ала алмайтын брендтік киімдер туралы айтатыны түсінікті. Олигархтың әйелі өз отандастарының ішерге асы жоғын қайдан ойласын? Күйеуі мен оның бизнес серіктесі сияқты оның да бұрмаланған өз шындығы бар", - деді экономикалық шолушы Денис Кривошеев.

Айта кетейік, Жаннаның күйеуі Сергей Кан – олигарх Александр Клебановтың "ОАОЭК" АҚ және "ОАЭК" АҚ бойынша серіктесі.

2022 жылғы мәліметтер бойынша, Сергей Кан "Қазақстанның ең ықпалды 50 кәсіпкері” рейтингінде 26-шы және  және "Қазақстанның ең бай 50 кәсіпкері" тізімінде 20-шы орында тұр. Оның байлығы 374 миллион долларға бағаланған. Жанна Кан – зергерлік дүкендердің иесі, авторлық киім дүкені мен іш киім дүкенінің негізін қалаушы. Бұл дүкендердің барлығы Алматыдағы Esentai Mall және Rixos-та орналасқан.

"ОАЭК" құрамына "Павлодарэнерго" АҚ, "Севказэнерго", "Ақмола электр желісін тарату компаниясы" және "Павлодар Водоканал северный" ЖШС кіреді.

Клебановқа тиесілі ЖЭО апаттарына байланысты Екібастұз тұрғындары өткен қыс бойы жылусыз отырғаны белгілі. 

Өткен жылдың қарашасында Екібастұздағы жылу желілерінде апат болып, бірден 149 тұрғын үй жылусыз қалды. Қалада төтенше жағдай жарияланды. Тұрғындар қатарынан бірнеше күн бойы жылусыз отырды. Үйлердегі жылу батареялары жарылып, канализация желілері бүлінді. Қаладағы жағдайды тұрақтандыру жұмыстары созбаққа салынды.

8 ақпанда «Павлодарэнерго» АҚ бұрынғы бас директоры Вадим Лесин Екібастұз қаласын жылумен  қамту проблемасын жылыту маусымы аяқталғанға дейін шеше алмайтынын мәлімдеді.

Ақпан айының басында өңірге жұмыс сапарымен барған Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр Вадим Лесиннің жұмысын қатаң сынға алып, оның қызметінен босатылуын талап етті.

15 ақпанда компанияға жаңа басшы тағайындалды

17 ақпанда өңірлерді дамыту жөніндегі Парламенттік тыңдауда Екібастұздағы жылу мәселесі көтеріліп, сенатор Алтынбек Нұхұлы қаладағы жылумен жабдықтау жүйесіне жүргізіліп жатқан түгендеу жұмыстарының ұзаққа созылып кеткенін сынға алған болатын.

11 сәуірде Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр аудит аяқталғанын мәлім етті. Оның сөзінше, Екібастұз тұрғындары келесі жылыту маусымында жылудан таршылық көрмейді. Скляр ЖЭО-ның бір бөлігі мемлекет есебінен жөнделетінін жеткізді. Ал "Екібастұзжылуэнерго" өздеріне тиесілі қондырғыларды қаржыландырады. Екі жақтап қаржы көлемін арттырып, жылумен жабдықтау мәселесін шешу уәде етілді.

Бұдан бұрын олигархқа тиесілі компания Екібастұздың қазандықтарын жөндеуге қанша қаржы жұмсайтыны айтылған.

Серіктес жаңалықтары