×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

"Қоғамға одан қандай қауіп бар?": депутат Думан Мұхаметкәрімнің ісін әділ қарауды талап етті

05.06.2023, 08:11
фото: ашық дереккөзден

Депутат Қазыбек Иса журналист Думан Мұхаметкәрімнің қайта қамалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Журналист Думан Мұхаметкәрім бір жерді қиратып, біреуге зақым келтіріпті дегенді естіген жоқпыз. Қоғамға одан қандай қауіп бар? Енді қарт әке-шешесін осындай қапырық ыстықта аштық жариялататындай мәжбүрлікке түсіру қиянат емес пе?!. Думанды бір айдың ішінде үш рет тұтқындау, қамаудан шыға салған күннің ертеңіне дүкенге барған жерден көшеден ұстап алып, басып алып кету қаншалықты заңды? Бұл “шаш ал десе бас алуға” дайын тұратын полицияның басынуы емес пе?!”, – деп жазды мәжілісмен. 

Қазыбек Иса сөз бостандығын шектеу бас бостандығын шектеуге жалғасып кете беруі жақсылық еместігін айтты. Депутат Ішкі істер министрлігін жұрттың талабын ескеріп, журналистің ісіне әділ қарауға шақырды.

Еске салайық, Думан Мұхаметкәрім 20 наурызда Facebook желісінде жазба жариялап, 21 наурыз күні түстен кейін алаңға шығатынын мәлімдеп, өзгелерді де оған қосылуға шақырғаны үшін қамауға алынды. Қамауда отырғанда журналист аштық жариялады.

15 сәуірде ол қамаудан босатылып, халықты тағы да митингке шақыратынын мәлімдеді.

2 мамырда тағы 25 тәулікке қамауға алынды.

Бұдан бұрын адвокат Ғалым Нұрпейісов Әблязовпен сұхбаты үшін журналист жауапқа тартылуы мүмкін екенін айтқан.

26 мамырда босап шыққан Думан Мұхаметкәрім 28 мамырда қайта қамауға алынды. Оның үстінен ҚР ҚК 405-бабы ("экстремистік ұйымның қызметіне қатысу және ұйымдастыру") бойынша қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

2 маусымда журналистің тергеу изоляторында тағы да аштық жариялағаны белгілі болды.

Көп ұзамай оның әкесі әкесі Алмаз Тілепов те ас-судан бас тартатынын мәлімдеді. Іле аудандық прокуратурасына барған Думан Мұхаметкәрімнің ата-анасы ұлдарының заңсыз ұсталып отырғанын, денсаулығы нашарлағанын айтып, оны босатуды талап етті.

 

Серіктес жаңалықтары